Президент • 11 Қазан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты

118 реткөрсетілді

Шараға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің көшбасшылары қатысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде көпқырлы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ 2020 жылғы ТМД-ға төрағалық ету және ТМД Атқару комитетінің төрағасы туралы мәселелер қаралды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымын одан әрі дамытуға қатысты өзінің кешенді ұсыныстарын айтты.

Президенттің пікірінше, ТМД – достастық елдері арасында саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды сақтап, нығайтуға зор ықпал еткен беделді халықаралық ұйым.

Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзінде шиеленістер мен белгісіздіктің дәуірі туып, сенімсіздік дағдарысының кесірінен халықаралық қатынастардың архитектурасы шатқаяқтап, әлемдік экономиканың тұрақсыздығынан дамушы елдерден қаржы «қашып» жатқанын атап айтты. Мемлекет басшысының ойынша, осының салдарынан аймақтық интеграцияға көзқарас өзгеріп, бұған дейін мызғымастай көрінген қарым-қатынастар моделі әртүрлі сынақтардан өтуде.

– Біздің ұйымға өзгермелі өмірге ыңғайлана отырып, аса күрделі де қажетті бейімделу процесінен өту керек. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ны құрылымдық жаңғырту процесіне кірістік. 2017 жылы ұйымның одан әрі даму Тұжырымдамасы мен экономикалық даму Стратегиясын өзектендіру жұмыстары басталды. Мен осы жұмыстарды жалғастыруға ниеттімін,– деді Президент.

Мемлекет басшысы ТМД-ның негізгі міндеттерінің бірі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту деп санайды.

–ТМД-да 2011 жылы құрылған еркін сауда аймағы біздің мемлекеттер арасындағы тауар айналымын жақсартуға жағдай жасады. Сонымен қатар сауда ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін қазіргі кедергілерді азайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру керек. Ұйым шеңберінде экономикалық өзара іс-қимылдарға тың серпін беру үшін қосымша өсу мүмкіндіктерін қарастыру қажет, – деп топшылайды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бірлесіп атқаратын бірқатар перспективалы бағытты атады. Олар: цифрлы технологиялар, электронды сауда, еркін қызмет көрсету және туризм.

– Цифрлы технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттердің тыныс-тіршілігін өзгертті. ТМД елдерінің барлығында экономиканы цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Бірлескен жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйым шеңберінде білім мен тәжірибе алмасып, күш біріктіру маңызды. Осы орайда, ТМД аумағында заманауи технологиялар жөнінде тұрақты негізде арнайы форумдар ұйымдастыруды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жылы әлемдегі электронды сауда көлемі жеке тауар айналымының 11,5% құрап, 1,8 триллион долларға жеткенін айтты. Сарапшылардың болжамынша, 5 жылдан кейін бұл көрсеткіш 2,8 триллион долларға жетеді. Президент ұйым шеңберінде электронды сауданы дамытуға ықпал ететін нормативтік құжат әзірлеуді ұсынды. Қазір Достастық елдерінің жалпы әлемдік саудадағы үлесі 1%.

Мемлекет басшысы туризм саласындағы өзара іс-қимылдың болашағы зор екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған сала әлемнің көптеген мемлекетіне пайда әкеліп отыр.

– Достастық елдерінің әрқайсысына тән демалыс орындары, табиғи және тарихи нысандары бар. Олар әлемнің тартымды туристік бағыттарын толықтыра алады, – деді Президент.

Түрлі визалық және миграциялық ережелер туралы айтқан Мемлекет басшысы ТМД территориясында Шенген келісімі секілді «Достастық Визасы» деген шартты атаумен бірыңғай жүйе енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастама туристер санын күрт арттыратынын, алайда, аталған мәселені сарапшылардың жан-жақты зерттеуі қажет екенін айтты.

Президент ұйым аясында 2020 жылды Жеңістің 75 жылдығына арналуының символдық мәні бар деді.

– Сол сұрапыл жылдарда біздің халқымыз, оның ішінде қазақстандықтар да бар, басқыншылар төндірген қатерге жұдырықтай жұмылып қарсы тұрды. Майдан даласында қаза болған батырларға, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету біздің ортақ парызымыз. Біз, қазақстандықтар, Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихының бұрмалауына түбегейлі қарсымыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ТМД аумағында терең әрі жүйелі ұжымдасуға дайын екенін мәлімдеді.

ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысынан кейін төмендегі құжаттарға қол қойылды:

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің стратегиялық экономикалық ынтымақтастығы туралы Декларациясы;

2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер басшыларының ұйымға мүше мемлекеттердің халқына және әлемдік қауымдастыққа 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы совет халқының Жеңісіне 75 жыл толуына орай Үндеуі;

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлерін орындауды беру туралы Конвенциясы;

4. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің 2020-2022 жылдар аралығында терроризммен және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық түрлерімен күресте ынтымақтастығы туралы бағдарламасы.

     

 

Соңғы жаңалықтар

Тартымдылық тереңдей түспек

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Жаңылтпаш жауаптар кімге қажет?

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Қорғаныс-өнеркәсіп кешені

Қоғам • Бүгін, 07:59

Үздіктер марапатталды

Футбол • Бүгін, 07:57

Жастар жарады

Спорт • Бүгін, 07:51

Жерлестеріміз жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:50

Фронт-кеңсе ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:31

Қоршаудан құтылған қала

Қоғам • Бүгін, 07:28

Анаға тағзым етіңдер!

Руханият • Бүгін, 06:57

Үмітіңді үзбе, үлескер...

Қоғам • Бүгін, 06:51

Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге

Аймақтар • Бүгін, 06:42

«Атыңнан айналайын, Әулие ата»

Руханият • Бүгін, 06:40

Ел ардағы – елу есім

Қоғам • Бүгін, 06:20

Он айдағы орнықты даму

Экономика • Бүгін, 06:17

Стратегиялық ықпалдастық артады

Парламент • Бүгін, 06:09

Миссия басшысымен кездесті

Үкімет • Бүгін, 06:08

Күлкі керуені № 14

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар