«Бұл жан-жақты ойланып қабылданған шешім болды. 30 жыл бойы ел басқардым. Әр уақытта халық мені таңдап, дауыс бергеніне алғысымды білдіремін. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Қатып қалған қағида еш жерде жоқ. Жаңа өзгерістер керек болды. Әр басшы өзінің жаңалығымен келеді. Сондықтан бұл ойлана келе қабылданған шешім болды. Бұл қадам өте орынды болды деп ойлаймын. Ешқандай өкініш жоқ. Мемлекет басшысы ретінде лайықты адамды таңдадым деп айта аламын», деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы әлем елдерінің басшыларынан көптеген хабарламалар келіп түскенін айтты.
«Маған әлемнің жетекші елдерінің басшыларынан көптеген хабарламалар келіп түсті. Олардың айтуынша, біздің елдегі биліктің бейбіт жағдайда ауысуы көпке үлгі болып отыр», деді Тұңғыш Президент Н.Назарбаев.