Қазақстан • 11 Қазан, 2019

Н.Назарбаев: 30 жыл ішінде 100 жылға татитын шаруаны атқардық

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл ішіндегі елдегі жетістіктерді атады.

Н.Назарбаев: 30 жыл ішінде 100 жылға татитын шаруаны атқардық

«Елдің сенімін арқалап 30 жыл ішінде 100 жылға татитын шаруаны атқардық. Менің серіктес, замандастарыммен бірге біраз жұмыс істелді. Оның барлығы елге мәлім. Мысалы осы 30 жыл ішінде елдің әл-ауқаты үшін ең маңызды экономика саласы біраз көңіл қуантарлық көрсеткіштер көрсетті. Биыл экономикамыз 20% өсті. Бүгінге дейін 2000-ға жуық емханалар, 1500-ден аса мектептер, 1000-ға жуық балабақшалар салынды. Мұның барлығы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жасалды», деді ол.

Бұдан соң, Елбасы елдегі орташа өмір сүру жасы едәуір өскені жайында айтып өтті.

«Әлеуметтік қамқорлықтың арқасында, қазақстандықтардың орташа жасы 67 жастан 73 жасқа жетті. Бұйыртса бұл көрсеткіш одан әрі өсіп, 80 жасқа дейін жетеді деген ойдамын», деді Н.Назарбаев.