Бүгін Алматыда баспасөз жиынын өткізген Қазақстанның жетекші букмекерлік кеңсе басшылары журналистермен кездесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде талқыланып жатқан «Ойын бизнесі» туралы Заңға түзету жобаларын жасаушылардың «қателіктері» туралы айтты. Олардың айтқандарынан ұққанымыз – құмар ойындар туралы» заңға енгізілген түзетулер тек букмекерлерге ғана емес, сонымен бірге азаматтардың құқықтарына да қарама-қайшы екен.
Алматыдағы «Тенниси» букмекерлік кеңсе директорының орынбасары Сергей Казаков бізбен әңгімесінде букмекерлік кассаларды және ойын алаңдарын Қапшағай мен Бурабайға шығару жайлы енгізілген түзетулерді қолдамайтынынын, осы арқылы заң жобасына қарсылық білдіретінін айтты.
С.Казаковтың түсіндіруінше, осыған ұқсас түзетулер бұрын қаралғанын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21-шілдедегі (№20-11/2179) қорытындысында букмекерлік кассаларды ойын алаңдарына орналастыру туралы ұсыныс қолдау таппағанын. Тура осындай жағдайлар 2018 жылы және 2019 жылдың басында қайталанды. Бірақ соңғы сәтте кеңселерді «қор жасау» туралы ұсыныс талқылауға жетпей орта жолда қалып қояды екен.
«Сонымен ұстаным бұрыннан қалыптасқан және бұрын дауласқан мәселе неге қайта-қайта туындауы керек, бұл түсініксіз. Парламентте өткен жұмыс топтарының құзіретіне және Үкіметтің қорытындысына күмән келтіретін бұрын талқыланған мәселені кім және неге қайта-қайта көтеріп отыр?» деп толықтырды Сергей Казаков.
Сонымен қоса әлемдік тәжірибе және ТМД елдерінің тәжірибесі, букмекерлік кеңселерді кез-келегн арнайы аймақтарға апарудың қажеті жоқ екенін көрсетеді. Дамыған елдерде олар мұндай шаралар саланы реттемейтінін, бірақ оны тек бұзатынын түсінеді.
Букмекерлер казино мен лотереяны шатастыруы мүмкін. Бірақ, бұл мүлдем басқа сала. Алайда, мұндай кассаладың болмауы мемлекетке айтарлықтай шығын әкеледі деп ойлайтын адамдар аз. «Біріншіден, бұл салық түсімдердінің қысқаруы. 2018 жылы бәс тігетін компаниялар шамамен 16,5 млрд теңге салық төледі, 2019 жылы бұл көрсеткіш шамамен 20 млрд теңгені құрайды. Бір мезетте көшеде 5000-ға жуық букмекерлік кеңселердің қызметкерлері жұмыссыз қалады (бұл 21 мен 30 жас араығындағы жас әйелдер). Қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайда бұл жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі» дейді С. Казаков
Жобадағы түзетулердің маңызды кемшілігі – заң шығарушылардың «Жеке мәліметтер және оларды қорғау» туралы заңға қайшы келетін бәсті есепке алу Орталығын құруға ұмтылуы. Енді букмекерлердің барлық серверлері Қазақстанда орналасқан, егер мұндай орталық құрылмаса, билік әр ойыншыға «бақылау» ұйымдастырып, жеке мәліметтерін жинай алады. Нәтижесінде қазақстандықтар шетелдік сайттарға ауысады.
«Біздің букмекерлердің 100% клиенттік базасының шамамен 1-2%-ы жиі ойнайды немесе құмар ойынға әуестенеді. Қалған 98-99%-ы бос уақыт ретінде жүйелі түрде бәс тігеді және бұл қалыпты жағдай. Әлемдік тәжірибеде адамдар футбол көріп, өздерінің сүйікті командаларына ставкалар тігеді, сондықтан біздің клиенттеріміздің 98-99% бәстерді тіркеу орталығында олар туралы деребс деректердің жиналуын қаламайды. Бұл біздің тұтынушыларымызға шет елдік букмекерлік кеңселердің сайттарына бәс тігуге апарады» деді «Фон Бет» букмекерлік кеңсесінің директоры Александр Пястолов.
Бәс тігу де құмар ойындарға жатады. Мұндай ойын түрін француз Пьер Мұндай кеңселер Еуропа елдерінде аса көп емес. Тек Англияда ғана ресми түрде рұқсат етілген. Дамыған батыс елдерінде бұл ойындарға қатаң тыйым салынған. Өйткені букмекерлік кеңсе – казиноның бір түрі. Ал біздің елде бір ғана «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 180-нен астам филиалы жұмыс істейді. Онымен қоймай, «Зенит», «Betcity», «Гол+Пас», «Tennisi», «MegaBet», «Profit» деген кеңселердің де бөлімшелері аз емес. Демек, букмекерлік кеңселерден түсетін пайда мол. Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңының 15-бабында көрсетілгендей, букмекерлік кеңселердің 21 жасқа жетпеген тұлғаларға қызмет көрсетуге құқығы жоқ. Букмекерлік кеңселердің мүддесін қорғап жүргендердің бір тобы оларды құмар ойындарының қатарына жатқызбайтынын айтады. Мұны заманға сай дамыту керек дейді.
ФКА «Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков спорт саласында жұмыс әстейтін букмекерлер қазір әлемдік аренада ойнайтын Қазақстандық командаларға үнемі қолдау көрсетіп отыратынын айтты. Тпті олар сонымен қоса, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге, спортшылардың жаңа буынын дайындауға үнемі қаражат бөліп отырады. Егер бұл нарық «жойылып кетсе», өкінішке орай, спортшылар жақсы және тұрақты қолдаусыз қалады.
«Осы жыолдың наурыз айында біз Олимп букмекерлік кеңсесімен демеушілік келісімге қол қойдық. Біздің серіктес болуымызға қуаныштымыз, өйткені біздің серіктес Қазақстанда спортты жан-жақты дамытуға өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда «Қайрат» – ең сәтті командалық жоба және әлемнің ірі футзал турнирлерінде ел намысын абыроймен қорғауда. Біздің серіктестерімізідің мүдделері футзалмен шектелмейді, олар спорттың баолық түрлерін дамытуды, жас таланттарды іздеуді жоспары, қызықты добалар бар. Өкінішке орай, Қазақстандық спортта барлығы тек мемлекеттік қолдауға сүйенеді. Бірақ, әлемдік тәжірибеде демеушілік және спорт әрқашан бірге.», - деді ФКА «Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков.
Айтпақшы, сөз реті келгенде «букмекерлік кеңселер Қапшағайға резервациялануына неге қорқады?» деген сұрақты ашық қоюға тура келдік. Жауап біржақты болды: Олар Алматы сияқты 2 милиондық межеге жақындап қалған үлкен нарықтан айрылғысы келмейді:
«Билік пен қоғамда букмекерлік кеңселер мен казиноларды бір деп қабылдайтын түсінік қалыптасқан. Біз казино емеспіз. Бізде тек тек ірі спорттық шаралар кезінде ғана үлкен қаржыға бәс тігеді. Біздің табысымызды казинолардың табысымен салыстыруға болмайды» дейді олар. Мұндай кеңселерге бір рет бәс тіккен адам тәуелділік ауруына шалдығады. Мұны психолог мамандар да растайды. Қалай десек те, букмекерлік кеңселердің жұмысына түпкілікті тосқауыл қою мүмкін емес. Бірақ әр нәрсенің шегі болатындығын қаперге ұмытпағандары дұрыс.