Қоғам • 17 Қазан, 2019

Сыбайластықпен күресетін елдер тобына қосылды

391 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еуропа Кеңесінде Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасында сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына (СЖКМТ) Қазақстанның қосылуына қатысты келісімге қол қою рәсімі өтті.

Сыбайластықпен күресетін елдер тобына қосылды

СЖКМТ – 1999 жылы Еуропа Кеңесінің бастамасымен құрылған, оған Қазақстанға дейін Аустрия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланд, Норвегия, Швеция, Финлян­дия сияқты 49 мемлекет кірген. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасынан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина және Эстония қатысуда.

Ұйымның алдына қойылған екі басты міндеті – мүше мемлекеттерде сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық жағдай­ларын анықтау және алдын алу саласындағы оң тәжірибемен алмасудың базасын жасау.

Қазақстан жағынан шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты. Еуропа Кеңесінен Бас хатшының орынбасары Габриэлла Баттаини-Драгони қатысып, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­сатын іске асырудағы бір­шама ілгерілеушілігі мен оның бастапқы ұсыныс берген сәтінен бастап орын алған оң өзгерістерін атап өтті. 

«Мен Қазақстанның жетістік­терімен және СЖКМТ-ға мүше мемлекеттермен тиімді ынты­мақтасуға дайындығын мақтан етемін. Біз келесі қадамдарды, соның ішінде сіздің елдің Сы­бай­лас жемқорлық үшін қыл­мыс­тық жауапкершілік туралы кон­венцияға қосылуын тағатсыздана күтемін», деді.

Алик Шпекбаев Қазақстан­ның Еуропа Кеңесімен және оның құрылымдарымен оның мү­ше­сі болмай тұрып, 1997 жыл­дан бастап ынтымақтастық орнатқанын мәлімдеді. Ол: «Біз ерекше қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша Кеңеске мүше мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік бере­тін бірқатар кеңейтілген келісім­дерге қатыса аламыз», деп атап өтті.

Агенттік төрағасы: «СЖКМТ-мен ынтымақтастық біздің елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конвенциясының толыққан­­ды қатысушысы ретінде Еуропа­л­ық комиссияның тұжырым­дамалық қағидаттарын қолдай­ты­нымызды және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы шараларды жетіл­діруге ниетімізді білдіреді. СЖКМ-ға қосылу бізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда еуропалық үздік тәжірибені қабылдауға жол ашады», деп атап көрсетті.

Жұмыс кездесуі барысында СЖКМТ атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито: «Қосылу келіс­сөздері сәтті аяқталды. Осы беделді бастамаға 50-ші қатысу­шы ретінде қосылатын Қазақ­станның келісімді тездетіп ратифи­кациялауын күтеміз» (қосылуға шақыру 2013 жылы желтоқсанда жолданған болатын), деді.

СЖКМТ тарапынан мониторинг рәсімдері аяқталған сәтте Агенттік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық конвенцияларды,  сонымен қоса сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 20 басты қағиданы ескере отырып, еуропалық елдердің тәжірибесіне негізделген сыбай­лас жемқорлыққа қарсы заң­на­маны жетілдіру бойынша ұсы­нымдарды іске асыруға басым­дық беретін болады.

Қазақстанға қол қойылған келісімді ратификациялау қажет, оған сәйкес СЖКМТ өкіл­­дері мен бағалау топтарының мүше­лерін жеке қамаудан, жүкті ұс­таудан және тәркілеуден, ауызша және жазбаша өтініштер үшін қудалаудан қорғау иммунитеті қарастырылған.

Бұл – рәсімдер халықаралық алаңдағы қалыпты стандарт. СЖКМТ атынан басқа елдерді бағалау үрдісіне тартылатын қазақстандық сарапшыларға да осындай иммунитет беріледі.

СЖКМТ-ға қосылу Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияны ратификациялауға мүмкіндік береді. Бұл келешекте құқықтық көмек көрсету, қыл­мыскерлерді экстрадициялау және олар заңсыз иемденген мүлікті қайтару мә­селелері бо­йынша Еуропа ел­дері­мен ын­ты­­­мақтастықты нығай­ту­ға мүм­­кіндік береді және халық­ара­лық тергеу тапсырмалары бойынша жүргізілетін Еуропа мемлекеттерінің аумағындағы жедел іздестіру шараларына Қазақ­станның құқық қорғау ор­гандары қызметкерлерінің қаты­суына негіз болады.