Парламент • 17 Қазан, 2019

Халықаралық қаржы орталығында болды

135 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Жоғарғы палата депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Халықаралық қаржы орталығында болды

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов сенаторларды орталықтың, оның органдары мен ұйым­дарының қызметімен таныстырды, сондай-ақ әлем­дік қаржы нарығының бар­лық өзекті үрдістері еске­рілетін жаңартылған да­му стратегиясы әзір­ле­ніп жатқаны туралы хабарлады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы «100 нақты қа­дам» Ұлт жос­па­рының бес тармағына сәйкес құ­рыл­ған болатын. Қазіргі уа­қытта бес тап­сыр­маның бәрі орындалды немесе іске асудың қар­қынды сатысында тұр.

Басқарушының ай-
туын­ша, АХҚО жұмы­сы­ның мақсаты Қазақстан эконо­микасын нығайтуға жан-жақты қолдау көр­сету болып табылады. Ол үшін Орталыққа капи­тал­дың жергілікті нары­ғын дамытуға және оны әлем­дік нарықтармен ық­пал­дас­тыруға, сон­дай-ақ ұзақ мер­зімді келешекте Қазақ­станның инвестициялық тар­тымдылығын арт­ты­руға байланысты ауқымды міндеттерді орындау тапсырылды.

Сенаторлар АХҚО соты мен Халықаралық төре­­лік орталығының, АХҚО Қаржы қызмет­терін рет­теу жөніндегі коми­те­ті­нің (AFSA), Astana Interna­tional Exchange (AIX) бир­жасының, Экспат орта­лығының және үздіксіз кәсіби даму бюросының өкіл­дерімен кездесті.

АХҚО сотының және Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт Сенат депутаттарына 2019 жылы ақпанда іске қосылған және дауларды онлайн шешуге мүмкіндік беретін eJustice жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті. Ол сондай-ақ АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының білім беру бағдарламасы аясында жалпы ағылшын құқығы негіздеріне 500-ден астам қазақстандық оқығанын хабарлады.

AIX биржасы мемле­кет­тік активтерді жекеше­лендіру бағдарламасын жү­зеге асыруда тиімді алаңға айналды. 2018 жы­лы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоға­мы­ның орналасуы нәти­желі болды деп танылды, 2019 жылы AIX-ке қо­сымша акциялар пакеті шы­ғарылды. Қазіргі уақыт­та «Қазақтелеком», «Эйр Астана» және «Қаз­Мұ­найГаз» акционерлік қоғамдарының листингі пысықталуда.

Сенаторларға сондай-ақ АХҚО-ның негізгі даму бағыттары – ислам қар­жысы, қаржы технология­лары, «жасыл» қаржы таныстырылды.

Сенат Төрағасы Да­риға Назарбаева АХҚО-да болудың нәтижесі бойынша халықаралық қаржы орталығының сыртқы және ішкі нарықтағы қыз­меті туралы кеңінен хабар­дар ету қажеттігін атап өтті. Дариға Назарбаева АХҚО қызметкерлерінің жұ­мысы табысты болуы­на тілектестігін жеткізе ке­ліп: «Әлемдік қаржы мұ­хи­­тындағы үлкен кеме болуларыңызды қалай­мыз», деді.