Қазақстан • 17 Қазан, 2019

Ұзынқұрамды жүк пойыздары жолға шықты

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзынқұрамды тәжірибелік жүк пойызы алғаш рет Қытай Халық Республикасындағы Қорғас стансасынан Қазақстандағы Алтынкөл стансасына жөнелтілді.

Ұзынқұрамды жүк пойыздары жолға шықты

Пойыз 70 шартты вагоннан тұрады. Ұзынқұрамды пойыздарды құру жүктерді жет­кізу жылдамдығын, локомотив өнімділігін және пойыз салма­ғының көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Аталған технология сондай-ақ кері бағытта да жүзеге асырылады. Алтынкөл және Қорғас шекаралық стансалары арасында пойыздарды өткізу және тасымал көлемі артады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 9 айында аталған шекаралық өтпеден Қазақстаннан ҚХР-ға 390 мың тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес ке­зеңімен салыстырғанда 54%-ға артық. Кері бағытта 2,5 миллион тонна жүк тасымалданып, өсім 56%-ды құрады. Жыл сайын контейнерлік пойыздар саны арта түсуде. Ағымдағы жыл­дың 9 айында 1076 пойыз қа­былданды және өнделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 48%-ға жоғары. Алтынкөл стан­сасы арқылы контейнерлік құ­рамдар Өзбекстан, Иран, Ауған-с­та­н, Әзербайжан, Гру­зия және Еуропа елдеріне жөнел­тілуде.