«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты. Аталған іс-шараға жапон тарапы арнайы дресс-код орнатты. Делегация басшыларын қоса алғанда рәсімге қатысушылардың барлығы White Tie дресс-коды бойынша киінуі тиіс. Елбасы фракты алғаш киіп тұрған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев іс-шараларда орнатылған дресс-кодты үнемі ұстанады», деп жазды Айдос Үкібай.
White tie - дресс-код талаптарының ішіндегі ең қатал түрі. Оның заңдары ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап өзгеріссіз келеді. Ерлер үшін ашық түсті галстук немесе ақ жейде және кеудешесі бар қара фрак кию міндетті. Қазіргі уақытта white tie киіну үлгісін талап ететін шаралар сирек кездеседі.