Абай дүкенін ашқан – ағайынды еврей жігіттер. Жігіттердің есімдері де хакімнің есімімен тығыз байланысты. Бірінің есімі – Авраахам болса, екіншісін де осыған ұқсаттырып қойған. Авраахамды әкесі Абай деп еркелеткен. Ағайынды екі жігіт те ұлы хакімнің шығармаларын біліп өскенге ұқсайды. Азамат болып ержеткен жігіттер бүгінде Белгьгияның ірі сауда орталығында кәсібін дөңгелентіп отыр.
Әлемде бриллиант саудасын жүргізетін үш орталық бар: Тель-Авив, Антверпен және Йоханнесбург.
Абай дүкені әлемдегі ең ірі гауһар тастар мекенінің шырайын келтіріп, сән беріп тұр.