Қазақстан • 24 Қазан, 2019

Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-орынды иеленді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік банк «Doing Business» бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтингте Қазақстанның позициясын 3 тармаққа – 28-ден 25-ке дейін көтерді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-орынды иеленді

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстан позициясын арттыру Үкіметтің әрекет етіп тұрған заңнаманы реформалау, рұқсат жүйесін жетілдіру, бизнес құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру және еліміздегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстарының арқасында мүмкін болды.

Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмалары бойынша бизнесті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады. 

Дүниежүзілік банк жыл сайын бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы бойынша 190 мемлекеттің рейтингін жариялайды. Талдау 10 көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде жаңа бизнесті құруға жұмсалатын уақыт және ақшалай қаражат шығындары, құрылысқа рұқсат алу, электр энергетикасы инфрақұрылымына қолжетімділік, меншік құқығын тіркеу, несиелер алу, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау, салық салу, халықаралық сауданы жүзеге асыру т.б. бар. 

Қазақстан Исландия (26 орын), Австрия (27 орын), Ресей (28 орын), Жапония (29 орын), Испания (30 орын), Армения (47 орын), Беларусь (49 орын), Қырғызстан (80 орын) және көптеген басқа елдердің алдына шықты.

Doing Business рейтингісінде Жаңа Зеландия, Сингапур және Гонконг көш бастап тұр.