Кеңесті БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы және БҰҰ-ның Еуропа мен Орталық Азиядағы әйелдер аймақтық бөлімшесі Гендерлік теңдік мәселелері бойынша коалициямен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды. Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері Динар Нөкетаева, Елена Тарасенко, Әсия Хайруллина бар.
«Бейжің+25» аймақтық шолу кеңесінде өмірдегі барлық салаларға әйелдердің бірдей қатысуына кедергі келтіретін құрылымдық кедергілерді жоюға көмектесетін саясатқа іс жүзінде тәсілдерді көрсете отырып, қол жеткен жетістіктер мен қалып қойған өзекті мәселелер қаралады. Бұл еңбекке тең ақы төлеуді, үйді күту мен ақы төленбейтін жұмысты тең бөлуді, бала күтімі жөніндегі демалыс саясатын, гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін тоқтатуды және шешімдер қабылдауға тең қатысумен қоса, басты мәселелер бойынша бірлескен күш-жігерді ынталандыратын болады.
Кеңесте БҰҰ ЕЭК аймағында ерекше алаңдаушылық туғызатын мәселелерге арналған сегіз тақырыптық сессия қамтылады.
Сондай-ақ кездесу қарсаңында азаматтық қоғам форумы болды. Онда БҰҰ ЕЭК-ның бүкіл аймағынан гендерлік теңдікті жақтаушылардың материалдары ұсынылды және қарау жөніндегі кеңестің ашылуында берілген ұсыныстар дайындалды.