Әлем • 05 Қараша, 2019

Экономикалық әріптестікті нығайту жайы талқыланды

317 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Таяуда Берн қаласында (Швейцария) Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Сауда келісімдері жөніндегі Швейцария Федералдық кеңесінің уәкілі Эрвин Боллингердің бірлесіп төрағалық етуімен Қазақстан-Швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссияның 10-отырысы өтті.

Экономикалық әріптестікті нығайту жайы талқыланды

Отырыста тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы мен ветеринария, өнеркәсіп, авиация мен көлік логистикасы, әлеуметтік, туризм, IT-технология салалары бойынша екіжақты іс-қимылдар мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, қазақстандық тауарларға қатысты преференциялық ре­жім­ді сақтау мақсатында тараптар Швейцарияның тіркелген REX-System Еуропалық одақтың экс­порттаушылар жүйесін енгіз­генін ескеріп, одан әрі өзара іс-әрекеттерді қозғады. Сондай-ақ олар ДСҰ, Бреттон-Вуд жүйесі, Еуразиялық экономикалық одақ пен «Бір белдеу, бір жол» бас­тамасы шеңберінде көпжақты мәселелерді сөз етті.

Ынтымақтастық жылдары ішінде мемлекеттер сауда мен инвестициялық әріптестік бо­йынша белгілі бір нәтижелер­ге қол жеткізді. 2018 жылдың қоры­тындысы бойынша ел­дері­міздің арасындағы тауар айна­лымы 3,1 млрд, 2019 жылғы 8 ай ішінде 1,5 млрд АҚШ дол­ларын құрады. Сонымен қатар Швейцария Қазақстанды тіке­лей инвестициялаудың жалпы көлемі бойынша 3-орынға ие бол­ғанын атап өту керек.

Б.Сұлтанов кездесулердің қоры­тындысы бойынша: «Біз өзара сауданың қазіргі жағда­йын қарап шықтық. Біздің Швей­царияға экспортымыздың 80%-ы энергетикалық кешен тауарлары, атап айтқанда, мұнай екенін ескерсек, тауар ай­налымының құндық көлемі энергия тасымалдағыштар­дың әлемдік құнына өте тығыз байланысты. Осыған орай біз елдеріміздің арасында өзара сауданы жандандыру, нығайту және әртараптандыру қажеттілігі мен маңыздылығын растадық. Швейцария Қазақстан үшін ұзақ мерзімді перспективада экспорттық қызығушылық тудырады әрі еліміз Швейцария­ға өңделген өнімді экспорт­тау­ды арттыруға дайын. Біз тал­дау жасап, металлургия, маши­на жасау, тағам өнімі, мұнай және химия өнеркәсібі, тоқыма және тоқыма бұйымдары сияқты са­лаларда 500 млн доллар кө­лемінде 100-ден астам тауар позициясын жеткізу мүмкіндігін анықтадық», деді.

Тараптар сауда-экономика­лық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттер арасында өзара тиімді экс­порттық жеткізулерді терең­дету мен ынталандыру жөнінде шешімдер қабылдады.

Қазақстаннан Швейцарияға энергетика кешені тауарларын, бағалы металдар мен асыл тас­тарды, өңделмеген алюми­ний мен минералдық ресурс­тарын қамтитын дәстүрлі экспорт құрылымын өңделген тауар­ларға қарай елеулі түрде өзгертуге мүмкіндік бар. Жо­ғары экспорттық жеткізуді қол­дау үшін Сауда және интегра­ция министрлігі швейцар­лық әріп­тестерге соңғы уақытта бол­ған, әсіресе көрсеткіштер­дің тө­мен­деуін ескере отырып, өзара сау­дадағы әлеуетті пайда­лануды ұсынады. Швейцария­ дан Қазақстанға импортталатын негізгі дәстүрлі тауарлар фар­мацевтика өнеркәсібі тауар­лары, атап айтқанда, дәрілік зат­тары, ортопедиялық құрыл­ғылар, азық-түлік, вакциналар, қол са­ғаттар, электр тран­сфор­­ма­тор­лар­ы және басқа­лар. Осыған бай­ланысты, Қазақ­стан Сауда және интеграция ми­нистрі атап өткендей, «Швей­цария қаржы қыз­меті, цифрландыру, энергетика, химия және фарма­цевтика сияқ­ты са­лаларға инв­естор ре­тін­де қы­зы­ғу­шылық тудырады».

«Біз өз тарапымыздан нақты жобаларды ұсынуға әзірміз. Бір­қатар перспективалы жобалар бар, оларды Швейцария үкі­метіне қарауға бердік. Логис­тика, құрылыс, құрылыс мате­риалдарының өндірісі, дайын металл өнімдері, минералдық өнім, мұнай-химиялық металлургия өнеркәсібі және басқа салалар туралы сөз қозғап отырмыз», дейді Б.Сұлтанов. Бұл сала­­ларда швейцариялық компания­лар көшбасшы болып табылады, олардың тәжірибесі, атқарылған жұмыстары өте тиімді.

Айта кетейік, бұл отырыс Швейцарияның Федералдық Президенті Ули Маурердің Қазақ­­­­станға алдағы ресми сапа­рын дайындаудың маңызды саты­сының бірі.