Дұға
Таң сәріде оянып кеттім. Маса шаққанын сездім. Тұла бойым ду-ду. Қазанның ортасы. Бұл уақта маса болмаушы еді, үйге жылу қосылған екен ғой деп ойладым. Балконға шығып шылым тұтаттым. Есіме бағана оқыған Ақаңның «Масасы» түсті. Жарықтық желеп-жебеп жүр ме екен...
Тыста күңіренген азанның даусы естілді. Бүгін - бейсенбі...
Серікбай ҚОСАН