Қоғам • 07 Қараша, 2019

50 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

143 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Денсаулық» медициналық пойызы Қызылорда облысының 12 стансасы бойынша өз жұмысын аяқтады. Пойыз дәрігерлері жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар күрделі ауруларды анықтап, одан әрі емделу мен тексерілуге жолдамалар берді.

50 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

Қазір медициналық пойыз Түркіс­тан облысында жұмысын жал­ғас­­ты­рып жатыр.

Дәрігерлер Қазақстанның әр айма­ғында экологияға және аймақ­тық ерекшеліктерге байланыс­ты специ­фи­калық проблемалы жағ­дай­ларды анықтауда. Балалар мен ересек­тер­дің арасында анықталған аурулар сан жағынан да ауру дәрежесінің күрделілік деңгейі жағынан да өс­ке­ні байқалады. Жиі кездескен аурулар қатарында қант диабеті, гипертензия, ревматоидты артрит және онкологтың қабылдауында пациент­тер­дің барлығында дерлік мастопатия белгілері анықталды.

Қызылорда облысындағы меди­циналық тексеру барысында дәрі­гер­лер барлығы 10 393 науқасты қабыл­да­са, олардың ішінде 554 бала бар.

Медициналық пойыз кішігірім хирургиялық операциялар мен скринингтер жасау үшін қажетті құрал­дар­мен жабдықталған. Осылайша, пойызда 312 шағын хирургиялық ота жасалды, 610 ЭКГ процедурасы, 617 УДЗ және 199 флюрография жасалды.

Қызылорда облысында тұрғындар ең көп барған офтальмолог 805 адам қабылдаса, стоматолог 705 тұр­ғын­ды тексерді. Сондай-ақ 610 адам кардио­лог­тың, 705 тұрғын ЛОР дәрігердің және 668 тұрғын уролог дәрігердің қабыл­дауында болған.

 «Үздіксіз қайталанатын эпилепсия ауруы бар бір бала «Ақсай» Республикалық балалар ауруханасына жатқызылды. Ең көп таралған патология – темір тапшылығы анемия­сы, балалардың 80%-ында тіс жегісі бар, балаларда ғана емес, ересектерде де кездеседі», дейді педиатр, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар аурулары кафедрасының профессоры Татьяна Имамбаева.

Медициналық пойыз мамандардың кең спектрімен жұмыс істейтін клиникалары жоқ елдің шалғай аудандарында тегін медициналық кө­мек көрсетеді. Тұрғындар пойыз дәрігерлеріне емделуге, тексеру­ден өтіп, денсаулықты сақтау бойынша кеңестері үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп жатыр. Көптеген пациенттер ақысыз және сапалы медициналық көмек алу үшін медициналық пойызды асыға күтетіндерін айтады.

«Денсаулық» пойызы біздің Бекбауыл бекетіне келді. Мен барлық дәрігер­лердің қабылдауында болдым. Дәрігерлердің қабылдауы мен тексеруі өте жоғары деңгейде. Қысқаша айтқанда, дәрігерлердің көмегіне өте ризамын. Оларға алдағы жұмыстарына табыс тілегім келеді», деді Бекбауыл бекетінің тұрғыны Тоғжан Жүсіпова.

Естеріңізге сала кетсек, жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді және оның басты мақсаты – еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Денсаулық сақтау министрлігінің атсалысуымен жүзеге асырып жатыр.

2019 жылдың 20 тамызында «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылған болатын. Ол «Денсаулық» пойызы сияқты медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы стансалар мен жақын орналасқан ауыл­дар­дың тұрғындарына алғашқы ме­дициналық-санитарлық және кон­сультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Екі пойыздың іске қо­сылу уақытынан бастап барлығы 50 мың­нан астам адам тексерістен өткен.

Пойыз вагондары неміс және жа­пон өндірісінің алдыңғы қатар­лы фирмаларының заманауи диаг­нос­тикалық құрал-жабдық­тарымен жабдықталған. Аппарату­ра­лар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және био­хи­миялық талдаулар жасауға, рентгенография және флюорографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброс­копия жасауға және басқа да диагнос­ти­ка­лық зерттеулер жүргізуге мүмкін­дік береді.

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыздар.