Бағдарламалар • 07 Қараша, 2019

30 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысады

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 171 адам жұмысқа орналастырылса, оның 14 332-сі немесе 71%-ы тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

30 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысады

Шығыс Қазақстан облысында 3 746 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалып­тастыру мақсатында азамат­тар­дың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағ­дарламасының бірінші бағы­ты аясында қамтылған. Қыс­қа мерзімді кәсіптік оқуды аяқ­та­ғаннан кейін жұмыспен қам­ту ор­талықтары мемлекеттік бағ­дар­ламаға қатысушыларға жұ­мы­с­қа орналасуда көмек көрсе­теді.

Мемлекеттік бағдарлама­ның екінші бағытының негізгі мін­деті – азаматтардың кәсіпкерлік бас­тамаларын дамыту. Бұл ретте бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мем­ле­кеттік гранттар беріле­ді. Бұдан басқа, ауылда және қа­лаларда кәсіпкерлік әле­уе­ті бар, ісін жаңадан бас­таған кәсіпкерлерге, ауыл шаруа­шы­лығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

Шығыс Қазақстан облысында микрокредитпен 852 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды 219, 200 АЕК-ке дейін 579 адам алды (жастар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтар­дың жекелеген санаттарын жұмыс­пен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында 8 112 адам жұмысқа орналастырыл­ды, оның ішінде 1 056-сы әлеу­мет­тік жұмыс орындарына, 1 264-і жас­тар практикасына және 5 792 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Сонымен қатар еңбек ресурс­тарының ұтқырлығын арт­тыру шеңберінде жұмыс күші көп өңірлерден Шығыс Қазақ­стан облысына 1 128 адам (485 отбасы) қоныс аударды. Қоныс аудару­шылардың 607-сі еңбек­ке жарамды жаста, оның ішінде 418-і жұмысқа орналастырылды, 20-сы кәсіпкерлік қызметпен айналысады және 13-і жаңа тұрғылықты жерінде оқумен қамтылды.

 

Шығыс Қазақстан облысы