«Бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз, өйткені қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасы бар. Сондықтан басқарма жол ақысын көтеру туралы сөз қозғаған жоқ. Әрине, бюджетке ауыртпалық түсіргіміз келмейді, тарифті көтеру керек, бірақ азаматтар мен жолаушылардың әлеуметтік жағдайын да естен шығармау қажет. Бұл - бір күнде шешілетін мәселе емес», - деді Ерлан Әділов.
Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы уақытылы бөлініп жатқан субсидиялар көлемі көліктік қызметтерді сапалы көрсету үшін жеткілікті деп санайды.
Алматыда көлік реформасы, соның ішінде қоғамдық көлік жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы қалаға әлемдік стандартқа сай «Евро-5» экологиялық санаттағы жаңа автобустар әкелінген. Биыл тағы да осындай 400-ге жуық жаңа қоғамдық көлік жолға шығады.
«Алып шаһар - Алматы қаласындағы қоғамдық көлік саласындағы соңғы жылдардағы реформалар оң өзгерістерін бере бастады», – дейді мамандар.
Екі жыл бұрын қолданысқа енген «Оңай» электронды билеттер жүйесі, қоғамдық көліктердің арнайы жол белгілері және әлемдік стандартқа сай «Евро-5» санатындағы жаңа автобустардың келуі біраз өзекті мәселенің түйінін шешті. Осы реформаларды тұрақтандыру аясында алдағы уақыттары да үлкен жобалар қолға алынып отыр. Мемлекеттен бөлінген субсидия нәтижесінде қазір қаладағы тасымалдаушы компаниялар жаңа автобустар сатып алуға мүмкіндік алып отыр. Алматыда 15 тасымалдаушы компания бар десек, оның біреуі ғана әкімдікке қарайды. Қалғаны – жеке серіктестік. Қалада күніне 1 мың 445 автобус әртүрлі бағытта жолаушылар тасымалдайды. Өткен жылдан бастап «Евро-5» экологиялық санаттағы жаңа автобустар келе бастады.
«Сондықтан кейбір тасымалдаушылардың тарифті көтеру қажеттігі туралы өтініштері негізсіз. Әуелі адамдар шағым келтірмейтіндей тәртіп орнатып, сапасын көтерсін, сосын сұрасын. Біз үшін басты көрсеткіш - қала тұрғындарының қанағаттану деңгейі. Бірақ онымен әлі де жұмыс істеу керек», - деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Әділов.
Бұл ретте қоғамдық тасымалдаулардың әлеуметтік маңызы ескеріле отырып, әкімдік саясаты көлік қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Сондықтан тасымалдаушыларға қоғамдық көлікті жаңарту және дамыту үшін қомақты қаражат бөлінуде. Бұдан басқа қоғамдық көліктерді қаражаттандыру жол жүру ақысын тұрғындар үшін қолжетімді деңгейде ұстап, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жеңілдік тарифтерін ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.
Бұған дейін ол Алматыда қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың нақты орташа құнын атаған болатын.
Осылайша, Алматының автопаркі тағы да су жаңа әрі ыңғайлы автобустармен толығып отыр. Тасымалдаушылар қалаға жаңа 66 қоғамдық көлік әкелген. 10 автобус Талғар мен Алматы арасында қатынаса, қалғаны жетіспейтін бағыттарға жіберіледі. Сыйымдылығы үлкен жолаушылар көлігі 14-бағытпен де жүреді.
«Қазір тұрғындар Талғарға шағын автобустармен қатынап жүр. Жолаушылар саны күн сайын артатындықтан, олардың орнына сыйымдылығы үлкен автобус жіберуді жөн көрдік. Жаңа автобустар өте ыңғайлы. Барлығы бейнебақылау камераларымен және «Оңай» жүйесімен жабдықталған», - дейді Алматы қаласы Мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.
«Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Ғани Тәжиевтің айтуынша, ірі тасымалдаушы компания қысқы дайындыққа тамыз айында кірісіп кеткен.
«Аудит жүргіздік. Жылыту жүйесінің техникалық ахуалын тексердік. Біз дайынбыз. 15 қарашада соңғы дайындық жүргізіледі», - деді Ғани Тәжиев.
Ғани Тәжиев журналистермен кездесуде Алматыдағы LRT жеңіл рельсті құрылысының кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді және пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдан 2023 жылға ауыстырылғанын түсіндірді.
Алматыда заманауи ыңғайлы трамвай - LRT пайда болуы туралы жаңалықтарда қолданысқа енгізу кейінге қалдырылатындығы туралы хабарлар жиі кездеседі.
«Қазір мәселе шешілді. Заңнамаға түзетулер енгізіп, «жеңіл рельсті жол салу жобасын іске асырған жағдайда, қала шегі құрылыс көлеміне көбейтіледі» деген сөздермен толықтырылды. Біз бұл ережені алдық, қазір біз тендерлік құжаттаманы әзірлеп жатырмыз, ол жасалуда, тендердің 2-кезеңін жариялаймыз, конкурстық құжаттама екі органда - Экономика департаментінде және Алматы қаласының Даму орталығында экономикалық сараптамадан өткен соң» деді ол.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға екі күндік жұмыс сапары аясында болған кездесу барысында «трамвайларды жою қарама-қайшы шешім болды» деп мәлімдеп, Қаскелең мен Талғар қалаларының арасын трамвай желілері арқылы байланыстыру қажеттігін айтқан болатын.
«Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Ғани Тәжиев ондай жоспар дәл Алматының күн тәртібінде қарастырылмағанын, әзірге автобустардың көмегіне иек артатынымызды айтты.
АЛМАТЫ