Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуінде елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету міндетін қойған болатын.
Сенаторлар аталған жобаны іске қосу мерзімдері, оны қаржыландыру және тұрғын үйлерде есептеуіш құралдарды орналастыру жөнінде бірқатар сұрақтар қойды. Қала әкімінің айтуынша, газдандыру үш кезеңмен жүргізілетін болды. Қаланы газбен қамтамасыз ету келесі жылу маусымының басына жоспарланып отыр.
Сенаторларға сондай-ақ үйлерде арнайы есептеуіш құралдарын орнату жобалық-сметалық құжатта көрсетілгендей мердігер компаниялардың есебінен жүргізілетіні айтылды. Газбен қамту қаланы ластайтын зиянды заттардың көлемін 6 есеге азайтуға мүмкіндік береді.