9 маусымдағы лауреаттарының тізімі мынадай:
«Жылдың үздік мәдениет қайраткері» - қазақ әншісі, композитор Димаш Құдайберген;
«Жылдың үздік мұғалімі» - Нұр-Сұлтан қаласындағы экономикалық лицейдің педагогы Ербол Әренов пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Түймеш Дәрішева;
«Жылдың үздік дәрігері» - ҚР ПІБ №1 МОА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талапбек Әженов;
«Жылдың үздік спортшысы» - танымал қазақ дзюдошы, Рио-де Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов;
«Жылдың үздік спортшы қызы» - Мәнерлеп сырғанаудан 2019 дылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева;
«Жылдың үздік парламентарийі» - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев;
«Жылдың үздік тележүргізушісі» - «КТК» телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Әбіқай;
«Жылдың үздік публицисі» - 30 кітап авторы, публицист Бақытқожа Рүстемов;
«Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы» - «Informburo.kz;
«Блог саласының көшбасшысы» - Facebook блогері Самат Нұртаза;
«Жылдың үздік трэвел-блогері» - бизнесмен, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов;
«Жылдың үздік кәсіпкері» - «Гормолзавод» ЖШС-ның бас директоры Асен Жақсалықов;
«Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі» - эколог Шасалим Шагалимов;
«Жылдың үздік вайнері» - Серғазы Тоқтарбек (Seka Vines).
Мұнан бөлек, сыйлық төрешілерінің шешімімен «Алтын дәуір» арнайы сыйлығы танымал қазақ композиторы, мемлекет қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен Спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Құлназаровқа берілді. Қазақстандық «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры 2011 жылы бекіткен ұлттық сыйлық қоғамда танымал адамдар мен ұйымдарға беріледі.
Дауыс беру үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы – алдын ала кезең (ұсыну) болса, бірінші кезең – Facebook желісі арқылы жүргізіліп, ал соңғы кезең сайттың ресми сайтында өтті.