Билік қызметіне келуге әр адамның құқы болғанымен белгілі бір билік лауазымына оның дайындығы, білімі, біліктілігі, қабілеті, мінез-құлқы, адалдығы, әділдігі, тазалығы сияқты толып жатқан талаптарға жауап бере алатын мүмкіндіктері есепке алынары да белгілі. Өкінішке қарай, билік лауазымына ұмтылатын кейбір адам биліктің жоғары адамгершілік жауапкершілігінен бұрын оның үстемдігі мен артықшылықтарын көбірек ойлайды. Биліктің беделін түсіретіндер негізінен оған кездейсоқ, немесе өзінің әуел бастан мансапқорлық мақсаттарымен келетін лауазымдылар қызметтен кеткеннен соң оларды қоғам, халық түгілі өзінің төңірегіне жинағандары да ұмытып кетеді. Керісінше, биліктің биігінде жүргенде мейлінше елге адалдықпен қызмет етуге тырысатын тұлғалар да баршылық. Ондай азаматтар еңсесі көтеріңкі, беті ашық, жүзі жарқын, сөзі орынды, құрметке ие.

Сондай мемлекеттік қызметкерлердің бірі – кезінде аудан, облыс жастар ұйымдарының жұмысын ұйымдастырып, аудан, облыс әкімі, республика ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін абыроймен атқарып, бүгіндері сүйеніш болар ініден елге аға боларлық құрмет төріне көтерілген замандасымыз Серік Шаяхметұлы Ақымбеков. Ол бала кезінен үздік оқып, еңбекпен шынығып өскен ұрпақтың өкілі. Осы жол оны жастар арасындағы бедел биігіне көтерді. Жастар ортасы әрқашан тазалыққа, ашықтыққа, адалдыққа бейім, қатарларындағы білімі озық, санасы ашық, қабілеті қарымды адамдарды тез таниды, оған қолдау көрсетеді. Серік осындай бақытқа ие болып, оның қадірін біліп, сақтай алды. Қай кезде де қандай лауазымда да еліне адал қызмет етуден аянбады. Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімімен кезінде, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің ең қиын жылдары Талдықорған облысының Әкімі, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін қайраткерлікпен, абыроймен атқарды. Серік Шаяхметұлының ел басқарып, елдің қамына еңбегін салып, жұмылып, жұмсалған қайраты оның зейнет жасына келіп, күнделікті тынымсыз, ұшы-қиыры жоқ мазасыз күндерден арылып, бойына сабыр жинап, өткен-кеткен өмірін сараптап, көңілін сергітер кезеңге жалғасты.
Қызметтен қолы босамай армандап жүрген аңшылық, саятшылық мергендігі бір төбе. Достарымен әзілдесіп, дидарласып жүріп, піл сүйегінен жасалған тастары бірін бірі қағытып, қуалап, биллиард столына өрнек сызғандай комбинациялары көрген адамның көзін қызықтырарлық дәлдік пен шеберлік ұштасқан көрініске кенелтері тағы бар. Серілік көңілі шалқып, ақын жаны шарықтап, жары Ғазиза екеуінің жан жадыратар әндері қандай!
Серікті білетін адамдар ол лауазымды қызметтерін мезгілінде атқарып, зейнеткер болғанда да оған бұрынғы құрметтерін асыра түспесе бір мысқал да төмендеткен жоқ. Ондай жағдай, дәреже алдымен Серік Шаяхметұлының өзіне байланысты. Өйткені ол мансап биігінде жүргенде әлдекімдердей шыққан ортасынан қол үзген жоқ, оларға «кісімсініп», жоғарыдан маңғазданып, қабағын керген жоқ, табиғи, адами қарым-қатынасын, сыйласымдылығын сақтап қалды. Қолында тікелей мәселе шешер билігі, өкілеті болмаса да ақыл, кеңес сұрап алдына келген үлкен, кішіден ықыласын аяған емес. Өмірде көргені, білімде ізденгені, оқыған, түйгені көп сарабдал. Білгенін ағыл-тегіл айтып, шашыла бермейтін кірпияздығы да жеткілікті, ал жөні келген әңгімесін әсерлеп, әдемілеп, әсіресе күлдіргі, қысқа әзіл әңгімелер (анекдоттар Қ.С.) айтудың шебері. Жады, зердесі мықты. Жүрекке жетер сезімталдығы мен өлең, әзіл шумақтарын еркін төгілтетін таланты да басқа қырларынан кем емес.
Осы айтқандарымның дәлелі ретінде Серік Ақымбековтың «Елорда» баспасынан шыққан «Жайсаң жандармен жарасым» атты кітабын парақтасақ та жеткілікті. Кітаптың аты айтып тұрғандай – автордың жүрек қалауымен таңдап, іріктеп алынған, көпшілігі елге әйгілі тұлғалар туралы өзіндік ойы, пікірі, пайымдары, олармен араласып, әңгімелесуі, есте қалған қимас сәттері, тосын оқиғалары өте қызықты, әсерлі суретпен, тартымды тілмен баяндалған. Әсіресе қазақтың сезімтал ақыны, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов пен Серік бауырымыздың сыйластығы, рухани түсіністігі – естіген, оқыған адамның шынайы ризашылығын туғызған еді. Ақын аға мен әкім іні өзара үндестігін орнын тапқан ой мен жүйелі сөзбен өрнектепті. Ақынның бір үлкен жиында «Құлагер маған Көкше мен Жетісу арасында шауып жүргендей болады деген ойымды әкім Серік іліп алып, мынауыңыз дайын тұрған өлең ғой, тіпті ән ғой дегені бар еді. Міне, бүгін сол идеяңды іске асырып, мен өлеңін, ал өз жерлестеріңіз сазгер Мұратхан Егінбаев әнін жазып, жаңа туындыны өздеріңізге алып келдік», деп түйіндегені ел арасына кеңінен таралып, сүйікті әнге айналды. Біраз жыл өткеннен соң Кәкімбек ағасы Серік інісіне ақжарылқап көңілімен төмендегі жолдарды арнапты:
Сыйластықтың білген қымбат бағасын,
Азаматсың, Серік інім, жаны асыл.
Үлгі болдың жалғастырған достасып,
Көкшетау мен Жетісудың арасын...
... Әкім болып, көп жүк арттың мойныңа,
Ел бірлігі жүрді елгезек ойыңда.
«Үш арысты» бүкіл дала шырқады-ау,
Ақын Ілияс жүз жылдығы тойында.
(С.Ахымбеков. Жайсаң жандармен жарасым. 8-10 беттер)
Сондай-ақ Серік Шаяхметұлының елімізге белгілі ғалым, академик, ұлттық тіліміздің қайраткері, асқан маманы, жанашыры – Өмірзақ Айтбайұлы туралы новелласы да оның тіл туралы зерттеулері мен толғамдарына қосалқы, өнердің басқа қырынан танылуына терең мағына беріп, оқушысын бейжай қалдырмайтын портрет болып шыққан. Әңгіме, өткен ғасырдың сонау 70-80- жылдары біздің ұрпақ куә болған қазақ-қырғыз шығармашылық процестерінің халықтың ерекше ықыласына бөленген, тіпті серпілістерінің көріністері жайлы еді. Атағы бүкіл әлемге жайылып тұрған Шыңғыс Айтматов бастаған қырғыз елінің, әдебиет, кино, өнер салаларының қазақ әріптестерімен шығармашылық қарым-қатынастары дәуірлеп тұрған шағында «Көксерек», «Қараш-Қараш оқиғасы» сияқты классикалық фильмдер екі елдің ортақ табыстары болып, елді қуантқан. Сол бірліктің тағы бір есте қалар жетістігі – қырғыз режиссері Болот Шәмшиев түсірген «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері» фильміндегі Біржанның «Теміртас» әнін қайта туған жаңа әндей әсермен қарсы алғанымыз да рас. Ән, домбыраға әуес көп адамдар фильмдегі әнді айтуға машықтанғаны да рас. Ал сол әнді фильмде орындаған кім деген сұрақтың жауабын біреу білсе, біреу білмес еді.
Осы кітапта Серік өзіне әннің эмоциялық әсері туралы жазып, оның орындаушысымен кездесуді көңілінің терең түбінде сақтап, ізденумен жүреді. Ақыры сол арманына да жетеді. Фильмде орындалған ұлттық ән өнерінің асыл тұлғасы Біржан салдың жүрек тебірентер әнін ғажайып дауысымен көрушілерге жеткізген біздің халқымыздың академигі Өмірзақ Айтбаев еді. Ағасына қолқа салады. «Ой, ол – дауыс шырқап тұрған студенттік шақ қой» деп қашқалақтағанына қоймай, ақыры әнші мейірімі мен шабытының куәсі болып, оны таспаға жазып алып көңілі тынады. Міне көрмейсіз бе, бір өңір әкімінің мұрша бермес қарбалас өмірінде өнер құдіретіне деген құрмет. Біреу үшін емес. Өзі үшін. Өзінің жан азығы үшін. Жай ел қайдан білсін – билік басында жүрген кейбір азаматтардың жүрек тебіренісін, «су түбінде жатқан асыл тастай» қазына сырын?
Осылай, Секең өзінің талғампаз шығармасында Жетісу өңіріне ғана емес, есімдері бүкіл республикаға белгілі болған Бәтима Сақауова, Зылиха Тамшыбаева, Марфуға Айтхожина, Болат Зәкиев, Нәсен Сембаев, Қуат Есімханов, Серік Байбатыров, Еділ Ерғожин, Омархан Көнекбаев, Сағатбек Кертаев, Ғалым Тұрғанбаев, Наурыз Қылышбаев, Әділшайық Ыбыраймолдаев, Өмірәлі Қопабаев, Қорабай Шәкіров, Серік Қаленов, Айтақын Бұлғақов тағы басқа азаматтар туралы жылы лебіз, толымды пікір білдіреді. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшелігін баяндау арқылы көркем суреттеу жасағаны көңілге қонып, адам жанын танудың ғибраттарын сезінгендей әсерде боласың. Кітаптың автор құрмет тұтатын әр адамы туралы жазылған баяндары өте қызғылықты оқылып, сыр шежіресіне еріксіз жетелеп отырады.
Аталмыш кітаптың ерекше тартымды оқылатын тараулары – Секеңнің аңшылық, саяткерлік әуестігімен байланысты. Не істесе де соған барын салып, сапалы істеуге дағдыланған әдетінше, қолы босап, сәті келгенде шығатын аңшылыққа да бар зейінімен ауады. Аңшылыққа жай серуен деп қарамайды. Оған да дайындығы мол. Аңшылық туралы, жан-жануарлар туралы қазақ, әлем әдебиетіндегі әйгілі шығармаларды көп оқып, зердесіне түйген, әрі осы саланы зерттеуден жалыққан емес. Білері де, айтары да баршылық. Аңшылықтың, саяткерліктің жайдан жай аң ату емес, өнер екенін дәлелдейтін суреттері, көз тартарлық шабыттан туған өлең шумақтары оқушысын баурап аларлық. Аңшылық сапарында жолдас болған аңның ізін жазбай, жаңылмай кесетін Жанат деген ізкесер жігіт пен Серік досына:
Шиырлап қасқыр ізін салып келді,
Жете алмай оған «Нива» қалып келді.
Сонда да Жанат ерлік көрсетті ғой,
Қасқырды дәл алдыңа алып келді, (бұл да сонда) – деген әзіл аралас жыр жолдары тыңдаушысының, оқушысының көңілін көтерері де шүбәсіз.
Кітаптың құндылығы сол – жоғарыдағыдай көңіл шуағын көтерер сәттерімен қатар көптеген адамды ойлантатын суреттер де жеткілікті. Соның бірі Арқадағы табиғат көріністері туралы автор былайша баяндапты:
«... Ғажайып көлдердің бірі – әйгілі Әупілдек. Әупілдек әнге қосылған:
«Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше!
Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,
Барар ем сүйген жарға әлденеше!»
Тегінде, Әупілдектей әрлі де нәрлі ән сирек дер едік. Көздің жауын алатын кезіндегі тамсандырар көлдің кескін келбетін көз алдыңа мөлдірете әкелетін ән талай ұрпақтың жанын нұрландырып, туған жер, тұрлаулы табиғатқа деген шексіз махаббатын арттырады. 1990 жылдардың аяғында, күздің бір күнінде Әупілдек көлінің маңына барып, саят құрған едік. Содан екі жыл өткеннен кейін қайта барып едік – жергілікті жігіттердің айтуынша көл тартылып қалыпты. ...Әупілдектей белгілі көлдің тартылуы адамның көңіліне мұң ұялатады екен. Сондай сезімде болғанда туған шумақтар төмендегідей болды:
Құс біткен мұңлы әуенге салыпты ғой,
Таба алмай айдын көлін қамықты ғой.
Әупілдек Арқадағы құс мекені,
Көл кеуіп, қамыс қурап қалыпты ғой.
Көл көрмей қаз еңсесі серпілмеді,
Көңілдің шаттық күйі шертілмеді.
Әйгілі әсем көлге атын берген
Әупілдек әудем жерде естілмеді, – деп жазады Серік.
(бұл да сонда, 32-33 беттер. Елорда)
Жоғарыдағыдай адам сезімі мен санасын шымырлатып құйылатын ойлар мен сөздер кітаптың ажарын ашып, сәнін келтіріп тұр. Яғни, кітап авторын тану мүмкіндігі де сондай.
Серік Шаяхметұлы кітабының тағы бір тамаша тараулары өзінің жастық шақтағы студенттік достарына арналған. Аралас-құраласы үзілмеген достарының ең ірісі, әрі белсендісі, білімдары, ел ішінде көп еңбек етіп, ел басқарған қайраткер – Қорабай Шәкіров. Ғажабы – Қорабай да досы сияқты – мәдениеті жоғары, рухани білімі терең жігіт. Шаруашылық маманы, ел басқарып жүріп, әдебиет, мәдениет әлемінің көш басында жүреді. Оның тіл туралы, тарих, әдебиет құбылыстары туралы жазған еңбектері республикалық басылымдарда жарияланып, қоғамның қолдауына ие болғаны белгілі. Сол Қорабай Серік досына, оның жары Ғазизаға керемет арнауларын моншақтай тізілген өлең жолдарымен жеткізген. Сәті келгенде, Қорабайдың өлең жолдарымен бауырымызға арналған мақаламды аяқтасам деймін. Қорабайдың көп өлеңдерінен бірер шумақ;
Әрине мүшелтойды есіме алып,
Жер алыс болғанмен де ебін тауып,
Істеуге болушы еді ата – қазақ жоралғысын
Астыңа ат мінгізіп, шапан жауып...
... Ат арыр, шапан тозар, өмір өтер,
Байлық та, жарлылық та өтер, кетер.
Бақытын бар әлемнің үйіп-төгіп,
Досыма ниет еттім, сол да жетер... (Бұл да сонда, 60 бет).
Жалпы кітапты оқыған адам табиғат, аңшылық салаларынан алар мағлұматтарымен қатар автордың өмірбаяны мен қызметінен де жеткілікті ақпарат алары сөзсіз.
Серік Шаяхметұлы ел ішінде тек лауазымды қызметімен емес, білімі, білігі, ұлағатты мінезі, тауып айтар сөзімен беделді, абыройы арымаған азамат.
Қуаныш СҰЛТАНОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты
Билл Гейтс: Үкімет мен сияқты ауқатты адамдарға салықты өсіруі керек
Әлем • Бүгін, 19:51
Қазақ күресі жаңа кезеңге аяқ басты
Ұлттық спорт • Бүгін, 19:28
Алматы атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде жоқ - Бақытжан Сағынтаев
Қоғам • Бүгін, 18:10
Басылым басшылары - Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ (1889-1931)
Басылым басшылары • Бүгін, 17:42
«Денистің достары» елордаға жиналды
Спорт • Бүгін, 17:36
Еліміздің басым бөлігін тұман басады
Қазақстан • Бүгін, 17:01
Басылым басшылары - Смағұл СӘДУАҚАСОВ (1900-1933)
Басылым басшылары • Бүгін, 16:53
Қарағандыда 27 түлек жас мемлекеттік қызметші мектебін бітірді
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Қарағандыда мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанаты өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:36
Алматыда белгілі геолог Дубек Дүйсенбеков тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Қазақстан • Бүгін, 16:29
Руханият • Бүгін, 16:22
Бақытжан Сағынтаев: «Жастар неге Алматыда тұрғанды жақсы көреді?!»
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (1899-1923)
Басылым басшылары • Бүгін, 14:55
Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады
Қоғам • Бүгін, 14:45
Алматылықтар Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды
• Бүгін, 14:34
Мемлекет басшысы «Мен қазақпын» челленджін қолдады
Президент • Бүгін, 14:25
Алматыда балалар үйлері түлектеріне қолдау көрсетудің жаңа тәсілі ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 14:12
Үздік үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы табысталды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі спорт кешені пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 13:59
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жаңа аурухана ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Алматы жастары «Ұлы дала өнері» атты жиырмадан аса көрме өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Алматыда Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне шахмат турнирі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:17
Әжетхана күзеткен мұғалімнің беделі қалай артады?
Қоғам • Бүгін, 12:04
Басылым басшылары - Тәмимдар САФИЕВ (1892-?)
Басылым басшылары • Бүгін, 11:28
Алматыда Өңірлік кеңестің сайлау қорытындысы жарияланды
Қоғам • Бүгін, 11:19
Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылды
Руханият • Бүгін, 11:14
Алматы облысының екі ауылында медицина нысаны ашылды
Қоғам • Бүгін, 11:06
Алматы облысында алқа жұтқан сәби аман қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Алматы әлемдік қалалар қатарына қосылады
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Руханият • Кеше
Батысқазақстандықтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Замануи оқу залы Орталық мемлекеттік архивте ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы жастарына қала әкімі пәтер кілттерін табыс етті
Аймақтар • Кеше
Ғалымдар: Адам қыста аз жұмыс істеуі керек
Қоғам • Кеше
Неймар «Барселонаны» тағы да сотқа берді
Футбол • Кеше
Қызылжар полицейлері Тәуелсіздік күнін өнерлерімен қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырау облысы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Аймақтар • Кеше
Алматы қаласында бірінші Томосинтез орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда желтоқсаншы қыздардың құрметіне шығармашылық кеш өтті
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматының барлық ауданында Тәуелсіздік мерекесі тойланды
Аймақтар • Кеше
Университетте жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Қоғам • Кеше
Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Кеше
«Алматы-2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды
Аймақтар • Кеше
Алматылықтарға мемлекеттік марапат тапсырылды
Аймақтар • Кеше
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы «Парыз», «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин мемлекеттік және партия марапаттарын табыстады
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2019
Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың сәйкестендіру коды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Президент пен Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы балалар дәрігерлері марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар