Қоғам • 20 Қараша, 2019

Ұрлық жасау ауыр қылмыс санатына көшеді

871 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.

Ұрлық жасау ауыр қылмыс санатына көшеді

«Ізгілендіру алғашқы рет қоғамға, азаматтарымызға онша қауіп төндірмейтін ауыр емес қылмыстарға ғана қатысты. Оларға түзетілу үшін мүмкіндік беру керек. Ал жүйелі түрде қылмысты кәсіпке айналдырған адамдарға жаза ауыр болуы тиіс. Бұларға мемлекеттің барлық репрессивтік күші жұмсалады. Әсіресе, қасақана адам өлтіргендерге, педофилдерге, экстремистерге, есірткі сатушыларға, браконьерлерге, жануарлар дүниесіне қол сұққандар мен ұйымдасқан қылмысқа барған адамдарға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осындай қылмыстар үшін жауаптылықты қатайту туралы тапсырма берді» деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Осы орайда бірқатар қасақана қылмыс үшін жауаптылықты күшейту ескерілген.

«Бұл түзетулердің бір бөлігі меншікке қарсы қылмыстарға қатысты. Алдымен ұрлық, тонау және қарақшылық мақсатында үй-жайға, қоймаға, көлік құралына заңсыз бұзып кірумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық күшеймек. Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Демек, татуласу болмайды. Тіпті, залал орнын толтырса да, кешірім берсе де қылмыстылық жауаптылықтан босатылмайды» деді М.Ахметжанов. 

Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше