Қазақстан • 20 Қараша, 2019

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

786 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2019 жылдың 21-23 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массалары республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күннің суытуына себепші болды. Түнгі ауа температурасы 28-32 градус аязға дейін төмендесе, күндіз минус 18-23 градустан жоғары болған жоқ, бұл орташа көпжылдық мәннен 8-13 градус  төмен» делінген хабарламада.

Арктикалық суық фронт оңтүстік бағытта жылжиды, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында температураның төмендеуі күтіледі. Ал солтүстік облыстарда Батыс Сібірдің солтүстігінен келетін кезекті циклон мен 22-23 қарашада аяздың әлсіреуі күтіледі.