Қоғам • 21 Қараша, 2019

Ынтымақтастық мәселелері қаралды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалмұханбет Қасымов ТМД мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты.

Ынтымақтастық мәселелері қаралды

Кеше Мәскеу қаласында Қа­зақ­стан Республикасы Пре­зиден­ті­нің көмекшісі – Қауіп­сіз­дік Ке­ңесінің Хатшысы Қал­мұ­­ханбет Қасымов Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығының мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты. Жиын барысында ТМД кеңіс­ті­гінде қауіп­сіздікке және тұрақ­тылыққа бағыт­талған қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатер­лер жағдай­ын­дағы өңірлік ынты­мақ­тастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Соның ішінде шетелдік лаң­кестерден төнетін қауіп-қатер­лерді бейтараптау бағыттарды арттыруды және оларды ТМД елдерінің аумағына кіргізбеу жөніндегі ынтымақтастықтың қажетті шаралары талқыланды. Химиялық және биологиялық қауіптер, Ауғанстандағы ахуал, киберқауіпсіздік саласындағы қазіргі тенденциялар бойынша пікір алмасты.

Қ.Қасымов Сирия мен Ау­ған­стандағы ахуалдың шие­ленісуіне байланысты бірлескен әре­кет­терді, діни-экстремистік және тер­рористік ұйымдардың ық­па­лы күшейгенін атап өтіп, «ТМД кеңістігінде сыртқы қауіп-қа­тер­лерді бағалау туралы» баяндама жасады.

Қалмұханбет Қасымов ша­ра барысында Беларусь Респуб­ликасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мем­ле­кеттік хатшысы С.Зась­пен, Ауғанстан Ислам Республи­касы Президентінің ұлттық қауіп­сіздік бойынша кеңесшісі Х.Мо­хиб­пен, Өзбекстан Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Махмудовпен жә­не Армения Республикасы Қа­уіп­сіздік Кеңесінің хатшысы А.Григорянмен екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар өңірлік және әлем­дік қауіпсіздіктің негізгі мәсе­лелері бойынша пікір алмасып, аталған бағытта ынтымақтастық орнату барысын талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық бо­йынша бірқатар құжаттарға қол қойды.