Ұлттық мереке қарсаңында Моңғолия Үкімет үйінде Бұлғын аймағынан табылған «Хүйіс толгой» ескерткішінің салтанатты орнату рәсімі өтті деп хабарлайды Моңғолияның «Хорин Дөрвөн Цаг» ақпараттық арнасы. Аталған шараға Моңғолияның Премьер-Министрі У.Хүрэлсүх, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Д.Рэгдэл, академик Д. Төмөртогоо, Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология инстутының директоры, академик С.Чулуун, Моңғолтану ұлттық кеңесінің хатшысы Д.Заяабаатар және басқа да мемлекет қайраткерлері, депутаттар мен ғалымдар қатысты.
Ескеркіш туралы алғаш рет Д.Цэнд 1967 жылы хабарлаған, М. Шинэхүү 1972 жылы тұрған жеріне барып, 1974 жылы «брахми жазулы» деген болжам айтып, 1-бітіктастың қолсызбасын жариялады. Одан кейін 1978 жылы Нежат Диербекирли фотосуретін жариялады.
Германия санскритологы Диетер Мауэ 2014 жылы ескерткіштерді арнайы көріп, «Хүйс толгой-1» бітіктастың мәтіні брахми жазулы екенін толық анықтайды. Ал Александр Вовин ескерткіштің мәтін тілі «прото-моңғол» тілінде деп алғашқы оқылымын жасады.
Бұл зерттеу жұмыстары туралы Халықаралық Түркі академиясы мен ЮНЕСКО тарапынан Париж қаласындағы штаб-пәтерінде 2018 жылдың 30 сәуір күні ұйымдастырған «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымдан келешекке түркі тілі» атты халықаралық форумда Германия ғалымы Солонгод Л. Хурцбаатар ескерткіш мәтін толық зерттеп, баяндама жасаған еді.
Жазба ескерткіші көне түркі дәуіріндегі Нири (б.з. 588-599жж) қағанның билік құрған кезеңіндегі ғұрыптық жосындары жайлы мәлімет береді. Төменде Халықаралық Түркі академиясының «Аталар мирасы» сайтында (http://atalarmirasi.org/17-khuyis-tolgoy-i-ii-bitiktastaryndaghy-brakhmi-zhazuly-matinder) жариялаған ескерткіш туралы толық мағлұматпен таныса отырыңыздар.