Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстардың бір саласы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың алатын орны мен атқаратын рөлін анықтап, пысықтау, жастарға артылатын міндеттерді белгілеу әрі насихаттау.
Семинар-кеңес аясында қазақ тілінің жаһандану үдерісіндегі латын графикасына көшудегі логикалық мағынасы, қазақ тілінің дамуындағы оның рөлі мен маңыздылығы қозғалады. Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа ретіндегі жаңа әліпбиге көшу барысы, осыған қатысты атқарылған шаралардың қорытындысы, алдағы міндеттер, жұртшылық арасында бұл реформаға қатысты жүзеге асырылған жұмыс нәтижелері сөз болады. Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тетіктерін іске қосудың жолдары анықталып, қоғамдық өмір салалары мен құрылым өкілдеріне арналған әліпби реформасы мен жас ғалымдардың осы үдерістегі рөлі туралы пікірлер талқыланады.
Семинар-кеңеске орталық атқарушы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарда қызметте жүрге жас мемлекеттік қызметшілер, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жұмыс істеп жүрген жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, филолог мамандар, филология факультеттерінің студенттері, жас тіл мамандары және қазақ тілінің болашағына бейжай қарамайтын тіл жанашырлары қатысады.