Руханият • 01 Желтоқсан, 2019

Екібастұзда «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

966 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Естай атындағы балалар музыка мектебінде ашылған кабинетлттық дәстүр, салт-сана, тарих пен тағылым сынды ауқымды тақырыптарды көрсетпек.

Екібастұзда   «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

Бағзы заманнан қалған бабалар тілі–тасқа қашалып қалған таңбалармен безендірілген кабинеттің мазмұны ерекше.

Биылғы жылы Музыка мектебінің 3 жобасы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық тізімге енген болатын.

-Облысымызда алғаш рет фольклорлық ансамбльдерінің арасында І Аймақтық «Ұлы дала әуені» байқауы өткізілді. Ұлттық домбыра күніне орай бір ай бойы домбыра үйренуге ниетті әрбір адамды музыка мектебі тегін оқытты. Мерекелік концерт күні бір уақытта 300 домбырашы күй шертті,-дейді  мектеп  директоры Медғат Манап.  

Ал, «Дала фольклоры мен музыкасына 1000 жыл» жобасы аясында фольклор кабинетінің қорына сирек кездесетін фото-видео материалдар жинақталады.

Кабинетте қазақ фольклорын жинауға үлес қосқан  Мәшһүр Жүсіптен бастап, А.Затаевич, Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, Б.Сарыбаев, З.Қоспақов, Қ.Жүзбасов сияқты ғалымдар жайлы деректер бар. 

Әрбір ғалым қазақ фольклорын жинауда өзіндік еңбек сіңірген.

Мысалы, А.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» кітаптарымен ұлттық мұрамызды әлемге танытты.

Кабинетте аталған ғалымдардың еңбектері жинақталып, келуші  қауымға ұсынылған. Оқушылар олардың өмірбаянымен ғана емес еңбектерімен де танысады.

Төргі қабырғаға ілінген сырға толы картина кабинетке ерекше көрік береді. 3000 жылдық тарихы бар Түркияның Анадолы елді мекенінен табылған қойтаста адам, домбыра және сол аспаптың киесінде құс бейнеленген.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың  175 жылдық мерейтойлары қарсаңында «Рухани жаңғыру» кабинетінде Әл-Фараби мен Абайдың тағылымы жөнінде ақпарат ұсынылды.

Ұлылар үндестігін ғылыми тұрғыда зерттеген Ақжан Машанидың еңбектерін ала отырып Әл-Фарабидың дүние танымы мен Абай әлемінің үйлесімі көрсетілді.

-Сонымен қатар «Әл-Фарабидың мақамы» негізінде музыканың құдыреті, оның ұлылығы мен табиғатпен байланысы зерттелді. Ақжан Машанидың «Әл-Фарабиді ойшыл дейміз, бірақ ол музыкант. Абайды ақын дейміз, бірақ ол ойшыл» деген сөзіне сүйене отырып бабаның музыка әлемінде алатын орнын айшықтадық,-дейді мектеп директоры Медғат Манап.

Екібастұз