Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2019

Асқар Мамин «Барыс» клубын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні «Барыс Аренада» «Барыс» хоккей клубының 20 жылдығына орай оның дамуына зор үлес қосқан ойыншыларды ардақтау салтанатты рәсімі өтті. 

Асқар Мамин «Барыс» клубын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

«Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шайбалы хоккеймен қоса, жалпы спортты дамытуға зор үлес қосты. Оның жеке көңіл бөлуі мен қолдауының арқасында қазіргі хоккей инфрақұрылымы құрылды. Бұлзаманауи мұзайдын сарайы да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойыншасалынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кәсіби және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға баса назар аударып отыр. Спортшылар үшін барлық жағдайлар жасалыпжатыр», - деді Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының Президенті Асқар Мамин.

«Барыс Арена» күмбезінің астында клубтың жеті ойыншысының: Виталий Еремеев, Николай Антропов, Александр Корешков, Талғат Жайлауов, Федор Полищук, БрэндонБоченски және Кевин Даллмэнның жейделерікөтерілді. 

«Қазір «Барыс» – балалар хоккейінен бастапкәсіби деңгейге дейінгі спортшылардыдайындаудың қалыптасқан жүйесі. Клуб құрылғаннан бері оның қасында жүргендердің барлығына: «Барыстың» тарихын жасаған әрі көптеген жанкүйерлерінің қолдауына ие болған ойыншыларға және жаттықтырушыларына алғыс айтқым келеді», - деді А. Мамин, «Барыс» клубын20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып.

«Барыс» командасының еңбек сіңірген ойыншыларын ардақтау рәсімі «Барыс» - «Динамо» Минск матчы басталар алдында өтті.