23 Шілде, 2013

Экономиканың нақты секторының негізгі үрдістері

701 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

 

 

Экономиканың нақты секторының баяу өсу фазасы жалғасады, ҚР Ұлттық Банкі жүргізген мониторинг қорытындыларының бірі осындай.

 

Ұлттық Банк 2548 кәсіпорын қатысқан нақты сектор кәсіпорындарына кезекті тоқсан сайынғы зерттеуін жүргізді. Бұл пікіртерімдер тұрақты түрде жүргізіліп тұрады және елдің экономикалық конъюнктурасының, экономиканың нақты секторының және оның салаларының қаржылық жай-күйінің өзгеруін шұғыл бағалау үшін дереккөзі болып табылады. Пікіртерімдерді жүргізудің оралымдылығы мен нақты сектордың ағымдағы жай-күйінің бағасын алу ғана емес, оның жақын болашақтағы дамуының негізгі үрдістері мен болжамын анықтау оның басты артықшылығы болып табылады.

 

Ақпараттық … айырбас: нарық үшін пайдамен

 

Экономика субъектілері санының көп болуына байланысты мемлекеттік статистиканың ресми деректері едәуір кешігіп қалыптастырылатындығы белгілі, себебі заңды тұлға – кәсіпорындардың өзі елімізде 200 мыңнан асады, сондықтан да автоматтандыру деңгейінің жоғары болуына қарамастан, олардан деректерді жинау, өңдеу объективті түрде көп уақытты талап етеді. Мысалы, кәсіпорындардың тоқсандық деректерін өңдеу кезеңі кемінде 75 күнді құрайды, бұл ресми деректердің экономикадағы ағымдағы ахуалды емес, өткен ахуалды көрсететіндігін білдіреді, тиісінше мемлекеттік органдардың осындай деректерге негізделген шешімдері көбіне экономикадағы теріс үдерістер салдарларының алдын алуға емес, оларды еңсеруге бағытталады. Осыған байланысты көптеген елдерде орталық банктер кәсіпорындарға өз беттерінше пікіртерім жүргізеді, оны, бірінші кезекте, ағымдағы экономикалық жағдайларды бағалау және ел экономикасындағы үрдістерді болжау үшін өздерінің ішкі мақсаттарына арналған ақпарат көзі ретінде пайдаланады.

Мысалы, АҚШ-та, Федералдық резервтік жүйе Beige кітабын дайындау кезінде пайдалану үшін өзінің өңірлік федералдық резервтік аймақтары арқылы тұрақты түрде кәсіпорындардың пікіртерімін жүргізіп отырады. Ол кітапта елдегі ағымдағы экономикалық ахуалға талдау және жалпы ішкі өнімнің бастапқы бағалары беріледі. Жапония Банкі «Танкан шолуы» деп аталатын, бүкіл әлемде өзінің болжам жасауымен және жариялау жылдамдығымен танымал, елдегі іскерлік белсенділік туралы тоқсан сайынғы есепті дайындау үшін шамамен 9 мың кәсіпорынның арасында пікіртерім жүргізеді.

Ұлттық Банк кәсіпорындар арасында пікіртерім жүргізуді 2000 жылдан бастады, жыл өткен сайын пікіртерімге қатысушы-кәсіпорындар саны да өсті. Қазіргі уақытта қатысушылар саны экономика субъектілерінің 2,5 мыңынан асты. Пікіртерімге қатысу ерікті. Сондықтан да репрезентативті іріктеуді қалыптастыру мақсатында Ұлттық Банк олардың пікіртерімдерге тұрақты түрде қатысуын ынталандыру үшін үлкен күш салуда. Бұл күш салудың пікіртерімдерге қатысушы әрбір кәсіпорын үшін қызықты талдамалық материалдар, мысалы, ағымдағы ахуалды және тиісті саладағы күтілетін өзгерістерді бағалау бойынша, қалыптастыру үшін де, Ұлттық Банктің жүргізіп отырған жұмысының маңыздылығын кәсіпорындардың түсінуі үшін де байланысты екендігін айтып өткен жөн.  

Бұл жағынан алғанда Жапонияның тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады, онда кәсіп­орындар пікіртерімін Жапония Банкімен қатар ерікті негізде 4-5 министрлік пен ведомство да жүргізеді. Әрқайсысының өз мақсаты бар, сауал­нама жіберген кәсіпорындардың тек 2%-ы ғана оны толтырудан бас тартады. Кәсіпорындардың пікіртерімдерге қатысуға ынтасының мұндай жоғары болуы әрбір мемлекеттік орган қарапайым сауалнама негізінде кезекті пікіртерімді жүргізген кезде кәсіпорын үшін пайдалы ақпаратты қоса жіберуімен байланысты.

 

Әр бағыттағы үрдістер

Мониторинг қорытындылары бойынша «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған (2011 жылғы 28 сәуірдегі, 2012 жылғы 29 мамырдағы нөмірлерде) бұған дейінгі мақалаларда оқырмандарды ҚР ҰБ жүргізетін пікіртерімдер және алынатын нәтижелер туралы хабардар еткен болатынбыз. Пікіртерімдердің әр тоқсанның бірінші айында жүргізілетіндігін еске сала кетейін. Кәсіпорындарға жіберілетін сауалнамалардағы сұрақтар, негізінен, кәсіпорынның ағымдағы экономикалық жағдайының к