Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019

Конкурс жеңімпаздары марапатталды

458 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас қалада еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс жеңімпаздары марапатталды

Премьер-Министр­дің орынбасары Бердібек Сапар­баев меценаттар мен кәсіпкер­лерді «Шапағат» медалімен, Президент пен Премьер-Министрдің атынан алғыс хаттармен марапаттады. Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму коми­тетінің төрайымы Гүлшара Әбді­қа­лықова ардагерлерге «Еңбек арда­гері» медалін табыстады.

«Адамды адам еткен – еңбек. Біз ең­бек­керлердің алдында басымызды иеміз. Елбасы айтқандай, халық өмірі­нің жақсы болуы, жағ­дайларының түзелуі ең­бекке байланысты. Сон­дық­тан мемлекет өз халқы үшін еңбек етуіне бар­лық жағдайды жа­сайды. «Еңбек» бағдар­ламасы­ның ең негізгі міндеті – қазақ­стан­дық­тар­дың еңбек етіп, отбасын асырауға, ел экономикасын дамытуға жағдай жасау. Жаңадан ашылған кәсіпорындар мен бизнес ны­сан­дар негізінен соған арналған. Үкі­меттің ең негізгі міндеттерінің бірі – ха­лыққа жағдай жасап, өз кәсібін ашуына көмектесу, қолдау», деді Вице-премьер.

Елбасының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идея­сын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдан бастап өткі­зіліп келе жат­қан конкурс «Үздік ең­бек әулеті», «Жұ­мыс істейтін жастар­дың үздік тәлім­гері» және «Өндірістің үз­дік жас жұмыс­кері» сияқты үш номи­на­циядан тұрады. Биыл «Үздік еңбек әулеті» аталымында елордалық Еңсе­баевтар әулеті 1-орынға, Шығыс Қа­зақстан облысынан келген Сағадиев­тер әулеті 2-орынға, ал аты­раулық Жұма­ға­лиевтердің ұстаз­дар әулеті 3-орынға ие болды. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлім­гері» но­минациясында Ақмола облы­сының Техникалық бақылау бөлімінің бақы­лаушысы Майра Исаева жеңіске жетті. Шымкент қаласының цемент өндіру жөніндегі инженер-технологы Ес­кендір Рүстемов 2-орынға, Қараған­ды облысының ауа бөлу қондыр­ғы­ларының аппаратшысы Дәулет Ежи­баев 3-орынға ие болды. «Үздік жас өндіріс жұмыскері» номинациясында солтүстікқазақстандық жалпы тәжірибелік дә­рігер Юлия Шев­ченко топ жарды. Қостанай облысының ло­гис­тика жә­не қойма сақтау шебері Вла­димир Са­мо­дуров 2-орынға тұрақ­тады. Павлодар облысынан келген тех­но­ло­гиялық сорғы машинисі Асқар Нұр­­­ғалиевқа 3-орын бұйырды. Байқау жеңім­паз­дары 1-орын үшін – 1 млн тең­ге, 2-орын үшін – 500 мың теңге, 3-орын үшін 200 мың теңге көле­мін­­де ақшалай сертификаттармен марапатталды.