Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы жұмыстар қорытындыланды

409 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы Отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашу» әлеуметтік жобасының сарапшылары жоба қорытындысына орай брифинг өткізді.

Алматыда «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы жұмыстар қорытындыланды

«Бақытты отбасы» жобасының аясында Қазақстанның 8 қаласында – Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Қарағандыда, Атырауда, Өскеменде, Таразда, Көкшетауда және Қостанайда - отбасын ресурстық қолдауға байланысты 12 орталық және 4 кабинеті жұмыс істеп, онда психологтар, әлеуметтік қызметшілер, заңгерлер және медиаторлар қазақстандықтарға отбасын құру немесе ажырасу жағдайындағы мәселелер бойынша психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 1 маусым - 30 қараша аралығындағы көрсеткіштер бойынша 2566 адам Отбасын ресурстық қолдау орталықтарына жүгінсе, олардың 2423-і ажырасу мәселесін қозғаған. Әрі нәтижелі кеңес жүргізуге байланысты 871-і татуласуға келісімін білдірген. Атап өтерлігі, 1 жылдан 2 жылға дейін және одан аз өмір сүрген жас отбасылық жұптар татуласуға қарсылық  білдірген. Кішкентай сәбидің болуы да отбасын сақтап қалуға ықпал ете қоймаған. Отбасында 3 және 4 кәмелетке толмаған баланың болуы да ерлі-зайыптыларды ажырасуға кедергі болмағандығын айтады мамандар. Осындай жағдайлар отбасы құндылықтары бойынша мұқият жұмыстың жүргізілуін талап етеді. Ал жалпы орталыққа өтініш білдіргендердің жас мөлшері 20-77 жас аралығын құрайды. Ал 1898 балалы азаматтың 1270-і тұратын жері туралы мәселе қозғаған.

Жалпы, жоба көрсеткендей, Қазақстанда отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен ажырасуға қатысты өркениетті көзқарас қалыптаспаған. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстары мектеп партасынан басталуы тиіс деп біледі мамандар Жоба сарапшылары  АХАТ орындары  Қазақстанда неке қию ғана емес, отбасылық өмір туралы білім алудың орнына айналуы керек. Сонымен қатар, жоба нәтижелері бойынша, ресурстық орталықтар өз қызметін соттардан бөлек іске асыруы тиіс. Мұндай орталықтар АХАТ жанында немесе тәуелсіз институттар ретінде қызмет көрсетуі қажет. Жобаның стратегиялық мақсаты ҚР ажырасулар санын қысқарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу үшін ұсыныстарды жасақтау болатын. «Дағдарыс орталықтары одағы» мемлекеттік органдарға – ҚР ІІМ, ҚР БҒМ, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне, ҚР Жоғары сотына және ҚР Парламентіне 65 ұсыныс жолдады.

«Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы Отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашу» әлеуметтік жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты есебінен іске асырылды.

 

АЛМАТЫ