Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Текелідегі «Green House» жылыжайы 452 мың тонна қияр өсірді

292 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кезіндегі оңтайландырудан кейін тоқырауға ұшыраған Текелі қаласы бүгінде жаңа тұрпаттағы даму жолына түсті. Қазір шағын шаһар ежелгі «Кеншілер қаласы» деген атауына лайық өркендеп келеді.

Текелідегі «Green House» жылыжайы 452 мың тонна қияр өсірді

Текеліде еліміздегі сапасы жоғары шойын өндірілетінінен жұрт хабардар. 2016 жылдан бері қайта жанданған бұл өндіріс жыл сайын қосымша қорыту цехтарын ашып, ірге кеңейтуде. Биыл шойын балқыту өндірісінде жұмыс істейтін еңбекші кеншілер саны 1000 адамға жеткен екен. Көрігі қызған домна пештерінде жергілікті металл балқып, қалыпқа құйылған өнім ішкі және сыртқы нарыққа шығарылуда. Текелі кеншілері биыл 7200 тонна шойын өндіріпті. Алдағы жылы өндірісте екінші домна пеші іске қосылып, жұмыс ырғағы арта түседі деп күтілуде. Жұмысшылар саны да көбейіп, металургтер қатары 1500 адамға дейін толықпақшы.

Өндіріске жан біткен жерде тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық саласы да дамтыны белгілі. Адамдарға жайлы үй, жағымды орта қажет. Инфорқұрлым да заманға сай болуы тиіс. Бұл бағытта шағын қлада біраз шаруа істеліпті.

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде қаладағы «Металлург» шағын ауданының кәріз желілері мен магистральды жылу желілері қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде, барлығы 23,3 шақырым кәріз желісі мен 5,02 шақырым магистралды жылу желілері толықтай жаңарды. Қалада баспана мәселесі де оң шешімін табуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмыстары жүргізілуде, жақында пайдалануға береміз. Тағы екі 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қолға алдық, - дейді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.

Шағын қалада шаруашылық та өркен жайып отыр. Текелінің шаруалары ет, сүт, көкөніс өндіруден алдыңғы орында. саласының нәтижесіде көңіл қуантады. Өткен 10 айда олар өндірген өнім 6,5 млрд теңгені құрапты. Осы Текеліде аймақты табиғи әрі балған көкөніспен қамтып отырған «Green House» жылыжай кешені бар. Осы жылы кешеннің өніміне сұраныс көбейіп, бір ғана қиярдың 452 мың тоннасы нарыққа шығарылыпты. Сұраныстың артуы кәсіпкерліктің де артуына ықпал жасайды. Яғни, қаладағы шағын және орта бизнес саласындағы нысандар саны 311 бірлікке артып, 2800 адам еңбекпен қамтылған. Оның ішінде бес бірдей сауда және қызмет көрсету нысаны жаңада нашылып, 14 адам тұрақты жұмыс тауыпты.

Экономиканың өзегі – өндіріс қой. Текелінің жанданған өнеркәсібі өткен 10 айда 17,2 млрд теңгені құрайтын өнім өндірген екен. Өсу көрсеткіші 104,4 процентті құрап отыр. Алдағы жылы даму қадамы қарыштай бермек. Ол үшін бірнеше инвестициялық жоба жасалған. Бұйырса, ішкі нарықтың қажетін өтейтін болат пішінді құймалар шығаратын «Электромарганец» зауыты іске қосылмақ. Жобаның құны 433,0 млн теңге шамасында, 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Әк дайындайтын «АkAltunProducts» серіктестігі де Текеліден өндіріс орынын ашпақшы, бұған инвесторлар 135,0 млн теңге қаржы салуға дайын. 30 адамды жұмыспен қамтымақ. Тағы бір 5 млн теңгенің инвестициясын «Tasun» ЖШС микрокальцит өндірісін кеңейтуге салып отыр екен, мұнда да 20 жұмысшыға сұраныс бар.

Жалпы, бүгінге дейін Текелі экономикасын дамытуға 4,7 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Нақты көлем индексі 96,1 процентті құрады. Оның ішінде бюджет қаржысынан бөлек, жеке көздерден құйылған қаржының үлесі үлесі 77,9 процент екен, ақшаға шаққанда 3,7 млрд теңге шамасында. Ал келер жылы игерілетін инвестиция көлемі 6,2 млрд теңге көлемінде болжанған.

Әрине, әлеуметтік салада қордаланған мәселе бар. Жұмыссыздық деңгейін төмендетудің түрлі жолдары қарастырылған. Ол үшін алдағы жылы 470 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұл қаладағы жұмыссыздықты деңгейін 4,7 процентке дейін азайтпақ.

- Текеліде 415 көп балалы отбасы тұрады. Олардың дені баспана мәселесін шешуді өтінеді. Биыл әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 25 пәтер сатып алынды. Демеушілер есебінен 5 көп балалы отбасы баспаналы болды. 7 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында қоныс тойын тойлады, - дейді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.

 

 

Алматы облысы