Футбол • 05 Желтоқсан, 2019

Лионель Месси: «Охо, рас па?»

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

France Football журналының төрағасы Паскаль Феррер Лионель Мессиге «Алтын доп» жүлдесін ұсынар алдында «Барселона» шабуылшысына қоңырау шалғаны туралы айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Лионель Месси: «Охо, рас па?»

«Леоға қоңырау шалдым, жай ғана тілдесу еді. Оған жаңалығым барын айттым, ол түрлі сыбыстарды оқығанын айтты. Оған мұның сыбыс емес, шынымен «Алтын допты» жеңіп алғанын айттым. Лео «Охо, шынымен бе? Рас па?» деп жауап берді. Ол бақытты еді, осыны күтті» деп келтіреді Феррердің сөзін Sport.es.