Руханият • 05 Желтоқсан, 2019

Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығы Димаш Құдайбергенге бұйыруы мүмкін

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанатында қызыл кілеммен жүріп өтті. Бұл туралы dimashnews.com жазды.

Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығы Димаш Құдайбергенге бұйыруы мүмкін

Үлкен сахнада жүргізуші Липаның сұрақтарына жан-жақты жауап берген Димаш өзі үшін көрермендердің сүйіспеншілігі маңызды екенін айтты. 

«Мен әрқашан өз тыңдармандарыма жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамын. Егер мен қандай да бір жеңіске жетіп, марапатқа ие болсам, ол менің көрермендерімнің еңбегі деп білемін» деді әнші.

Димаш сонымен қатар оңашада қандай әндерді тыңдайтынын айтып берді. 

«Мен қазақтың халық әндерін тыңдаймын» деді ол.

Еске салайық, Димаш Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығына бірнеше номинация бойынша үміткер ретінде қатысқан болатын. Жеңімпаздар бүгін, 5 желтоқсан күні Мәскеудегі Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланатын болады.

Айта кетейік, «Виктория» сыйлығы жыл соңында ең үздік музыканттарға, ақындарға, орындаушыларға, продюсерлерге, журналистерге, музыка сыншыларына және ірі медиахолдингтердің жетекшілеріне беріледі.

15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері Мемлекеттік Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланады.