Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігінде ипподром базасында иппотерапия және ат спорты үшін жабық манежді салу талқыланды. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Балалармен арнайы оқытылған нұсқаушылар шұғылданады,сабақ үшін тек жуас аттар алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады

Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар 5 мыңнан астам бала бар. Еліміздің ат спорты Федерациясының Паралимпиадалық ат спорты Департаментінің директоры Елена Черникованың айтуынша, иппотерапия курсынан кейін балалардың денсаулық жағдайы айтарлықтай жақсаратынын атап өтті.

«Иппотерапия оңалтудың бірнеше түрін біріктіреді: бұл емдік дене шынықтыру, массаж, балаларды әлеуметтік және психологиялық бейімдеу. Бұл жерде бала оңалтудан өтіп жатқанын түсінбейбі, себе ол дәрі тамызғыштар мен дәрігерлерді көрмейді. Орталыққа бала жылқыға міну үшін, ойнау үшін келеді. Курстан кейін, мүлде жүрмеген балалар өзінің алғашқы қадамдарын жасап, өз бетімен арқасын ұстай алатын дәрежеге жетеді», деді Е. Черникова.

Әлеуметтік жоба еліміздің басқа өңірлерінде 10 жылдан астам жұмыс істейді. Иппотерапияға еліміздің әр өңірінен балалар келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оңалту курсынан кейін көптеген балалар ат спортымен айналысып, спорттық жарыстарда медальдарға ие болғандары да бар.

Қала әкімі А. Көлгінов ипподром базасын үш бағыт бойынша дамыту қажеттігін атап өтті: иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және дайындау, сондай-ақ туристік маршруттар. Бұдан басқа, елорда да  ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін екі оңалту орталығы салынады. Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында емхана, балабақша, оңалту орталықтары, полицияның тірек пункті сияқты әлеуметтік нысандар ашылады.