Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Ерлан  Жаулыбаевтың төрағалығымен аудандағы көп балалы аналар салтанатты түрде «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапатталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды

Тәуелсіздік күніне орай астаналық 6 және одан да көп баласы бар аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды. Осылайша, «Алтын алқа» белгісімен  көп балалы ана Гүлжан Оспанбаева марапатталса, одан бөлек 14 анаға «Күміс алқа» белгісі салтанатты түрде берілді.

Сонымен қатар алқа иегерлері арнайы сыйлықтарға да ие болды. Іс-шараға қатысқан қонақтар арасында көп балалы аналардың жақын туыстары да болды. Қонаққа келген ақ жаулықты әжелер тәтті кәмпиттерімен шашу шашып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ  олар жас ұрпаққа өздерінің өмірлік өнегелерін айтып, құнды кеңестерімен бөлісті.


Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37