Президент • 13 Желтоқсан, 2019

Салтанатты іс-шараға қатысты

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ERG компаниясының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шараға қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Еу­ра­зиялық топ құрамындағы кә­сіп­орындар ұжымын компа­ния­ның 25 жылдығымен құттықтады.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті компанияның даму жолы ел тәуелсіздігінің ны­ғаюымен тығыз байланыс­ты екенін атап өтті.

Елбасы тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жылдары еліміздегі кә­сіп­орындардың басынан өт­кер­ген қиындықтары туралы айтты.

– 1994 жылы күрделі жағ­дай­да тұрған кәсіпорындар бү­гінгі күні аяғына нық тұр­ды. Компаниялар тобы 150 мың­нан астам жұмыс орнын беріп отыр. ERG өндірісті дамыту және кеңейту үшін 13 миллиард
доллар инвестиция салды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қа­зақ­стан­ның Тұңғыш Президенті әлеу­меттік жобаларды іске асыру бағытындағы Еуразиялық топтың қызметін оң бағалады.

– Сіздер әлеуметтік бағ­дар­ламаларды да жүзеге асырып жатырсыздар. Тұрғын үй, мектептер, ауруханалар, спорт нысандары және басқа да инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда, – деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назар­баев жаһандық сын-қатер­лерге тоқталып, одан әрі даму үшін қазақстандық кәсіп­орын­дарға жаңа шешімдер қажет екенін атап өтті.

– Өмір орнында тұрмайды. Барлығы алға жылжуда. Біз цифрлы экономика дәуіріне аяқ басып келеміз. Жасанды интеллект барлық жерде енгі­зіліп жатыр. Мұның бәрі бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін озық тәжірибе іздеуді талап етеді, – деді Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті.

Елбасы ERG компания­сы­ның мыңдаған қызмет­кер­леріне оның саясатын қолда­ғаны үшін алғыс айтты.

– Барлығымыз еліміздің өркендеуі үшін қызмет ете­міз. Елді болашақ ұрпақ үшін дамытамыз. Өйткені тәуел­сіз­дікті жариялау – бір бөлек, ал оны сақтап қалу мүлдем бөлек мәселе. Ол үшін біз экономиканы дамытуымыз керек. Бұл жолда Еуразиялық топтың жұмысшылары лайықты үлес қосып келеді, – деді Елбасы.

Сөз соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ком­па­­­ния­ның барлық қыз­мет­керін тағы да құттықтап, олар­ға сәттілік пен табыс тіледі.