26 Шілде, 2013

Оңтүстік Кореядағы ғажайып көрініс

1536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Остров Чиндо

Әлемде ғажайып құбылыстар сирек те болса кездеседі. Сондай бір тамаша көріністі жылына 3 күнде Оңтүстік Кореядағы Чиндо мұхиты аралы бойынан қызықтай аласыз. Бұл туралы Prima Media жазады.

Жаймашуақ мамыр айында Чиндо жағалауына келетіндер саны мол. Өйткені, мұхит суы осы мезгілде 3 күн ішінде 1 сағатқа екіге бөлінеді. Ол кәдімгі автокөліктер жолы секілді көрші Модо аралына жетуіне мүмкіндік береді екен. Алайда, бұл жұмбақ тылсымның құпиясын әзір ешкім дөп басып ашқан жоқ. Су ағысы екпінінің жоғары жылдамдығынан болуы мүмкін деген пікір жиі айтылып қалып жүр.

Екіге бөлінген мұхит аралы жолының ұзындығы – 2,8 шақырым болса, ені 40-60 метр шамасында. Осы жол талайларды тамсандырумен келеді. Сондықтан да оның маңызы жыл өткен сайын арта түсуде.

Данияр Түймебай.