Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Ыбырайдың ізбасарларын ынталандырған жыл

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар жылы ұстаздар қауымы үшін, әсіресе жас мұғалімдер үшін өте табысты, қуанышты жыл болды деп айтуға болады. Биылғы оқу жылында ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды, дәстүрге айналған Тамыз конференциясына алғаш рет Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Ыбырайдың ізбасарларын ынталандырған жыл

«Білім және ғылым» атты тақырыппен өткен іс-шарада Мемлекет басшысы ұстаз­дық­ты өте мәртебелі мамандық деп атап, алдағы уақытта бола­шаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет екенін айтты.

Жастардың үлкен өмірге тез бейімделіп, іске белсенді араласып кетуі үшін маңызды мәселенің бірі тұрғын үй еді. Осы мәселе бойынша жастарға арналған бағдарламалар негі­зін­де жатақханалар беріліп, жас­тарды қолдаудың түрлі жобалары жүзеге асты.

Тағы да үнемі айтылып келе жатқан мәселе – мұғалімдердің еңбекақысының төмен болуы. Осы тұрғыдан да білім жүйе­сіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагог­тардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есе арттыру керектігі айтылып, ұстаздар қауымының сапалы, белсенді жұмыс істеуіне ерекше қолдау жасалды.

2019 жылды Жастар жылы деп жариялау аясында елімізде біршама жұмыс атқарылып жатқанын біліп, көріп жүрміз. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің бола­шағы да жастар, сондықтан олар­ға үлкен үміт артылды және мүмкіндіктерін толық пай­далануға жол ашылды. Мем­лекетіміздің нығая түсуіне бұ­рынғыдан да мол үлес қосу үшін жастар енді белсенді бола түсуі керек. Жас маман ретін­де жан-жақты қолдауды сезі­ніп, ұстаздық жолда еңбек етуді жалғастырып келемін. Ма­ман­дықты сүйіп, болашақ өскелең жастарды тәрбиелеу – ұстаздар қауымының міндеті. Бізге артылған жауап­кершілік өте үлкен. Мен жас­тарды елдің болашағы үшін еңбек етуден талмаңдар дегім келеді.

 

Мақсат Падсабаев,

Нұр-Сұлтан қаласы

Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясының мұғалімі