Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы балалар дәрігерлері марапатталды

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты егеменді еліміздің ең ұлық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы балалар дәрігерлері марапатталды

Шара барысында бірқатар дәрігер Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен марапатталды. Атап айтқанда, 44 жылдан бері орталықта қызмет жасап, балалар денсаулығын нығайту саласына зор үлес қосып келе жатқан Диагностикалық кеңес беру бөлімінің ардагер дәрігері, гематолог Күлән Омарова ДСМ «Еңбек ардагері» медалімен, 20-30 жылдан астам балалар денсаулығын жақсарту жолында аянбай қызмет жасап келе жатқан мамандар – Педиатриялық блоктың басшысы Гүлнар Әбділова, Клиникалық-диагностикалық зертхананың дәрігер зертханашысы Ботакөз Сұлтанова, Функционалды-диагностикалық және физиотерапия бөлімінің мейірбикесі Сауле Заитова, Диагностикалық кеңес беру бөлімінің мейірбикесі Света Айдарханова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  төсбелгісімен марапатталды.

Ал Функционалдық  диагностика бөлімінің дәрігері Зауре Қайырбекова, Рентгеэндосваскулярлық кардиохирургия бөлімінің кардиохирург дәрігері Гүлжан Сарсенбаева, Клиникалық-диагностикалық лабораторияның зертханашы лаборанты Гүлназ  Куташова, Сәулелі диагностикалық ультрадыбыстық бөлімшенің мейірбикесі Бақытгүл Бердібаева «Денсаулық сақтау   ісінің үздігі»  атанып, төсбелгімен марпатталды. 

Айтулы күні, сонымен қатар, ДСМ Құрмет грамоталарымен: Жалпы педиатрия бөлімінің кардиолог дәрігері Әлия Бұғыбай, Ерте жастағы балаларға арналған гематология бөлімінің балалар гематолог дәрігері Әсел Мұратова, Функционалды диагностика және физиотерапия бөлімінің мейірбике-массажисі Бұлбұл Жамботаева, №2-ші балалар онкология бөлімінің шаруабикесі Эльмира Ибрагимова марапатталса, ДСМ Алғыс хаттарымен Хирургия бөлімінің дәрігер хирургы Азамат Оразалинов, Неонатология және нәрестелер хирургиясы бөлімінің неонатолог дәрігері Айжан Байғұттиева, Пульмонология бөлімінің аға мейірбикесі Гүлмира Чедырбаева, УДД және сәулелі диагностика бөлімінің аға мейірбикесі Назгүл Атанбекова марапатталды.

Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген ақ халатты абзал жандарды орталық басшысы Риза Боранбаева өз қолымен марапаттап, бағасы өлшеусіз еңбектеріне зор алғысын білдірді. Алғы құттықтау сөзінде клиника басшысы орталықтың егемендіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерін баяндап, барша қауымды келе жатқан ұлық мерекемен құттықтады.

Шара шағын концерттік қойылыммен аяқталды.  

 

 

АЛМАТЫ