13 Желтоқсан, 2019

Елбасы профессор С.Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық танымал заңгердің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Елбасы профессор С.Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғалымның отбасы мен туған-туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

«Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан зерделі зерттеуші болатын. Ол мемлекет пен қоғам істеріне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды.

Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді», - делінген жеделхатта.