Қолтаңба сессиясын Головкиннің демеушілерінің бірі ұйымдастырған. Боксшының айтуынша, ол жанкүйерлерін көргеніне қуанышты болған.
«Chivas Regal үшін қолтаңба сессиясында уақытты тамаша өткіздім. Әрқайсысын көргеніме қуаныштымын. Рингке оралар сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін» деп жазды Головкин instagram-парақшасында жазды.
Бұған дейін Головкин IBF титулының міндетті үміткері поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін екені хабарланған. Жекпе-жек ақпан-наурызда америкалық Чикагодағы Wintrust аренасында өтуі мүмкін.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йоркте өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.