Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

«Қызғылт фламинго туралы аңыз» музыкалық-театрландырылған композициясы өтті

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Достық үйінде Тәуелсіздік мерекесіне орай рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына арналған «Қызғылт фламинго туралы аңыз» музыкалық-театрландырылған композициясы өтті.

«Қызғылт фламинго туралы аңыз» музыкалық-театрландырылған композициясы өтті

Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты ізгі қасиеттерді насихаттай отырып ұйымдастырылған шараға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы мұрындық болып отыр.

 Балаларға арналған ерекше жобаны бірінші курс студенттері дайындап, музыкалық-театрландырылған қойылымға профессор М. Д. Шаймерденова жетекшілік етті.

Жоба аясында мейірімділік пен зұлымдықты, ана махаббатының күші, халық даналығы мен туған өлкенің сұлулығына арналған қазақ ертегісі негізінде қойылған театр көрінісі жаңа инновациялық технологиялар мен заманауи әдістерімен ерекшеленді.

Балалардың ерекше қызығушылығын оятқан әсерлі кездесуде шеберлік сағаттары, жоба тақырыбы бойынша магистранттардың сурет көрмесі, «Ертегілер әлеміне саяхат» кітап көрмесі ұйымдастырылып, мерекелік сыйлықтар үлестірілді.