Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

«Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» экспозициясы заманауи форматта ұсынылған

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жиырма жылға жуық тарихы бар Алматы музейі алматылықтар үшін қала тарихы, Жетісу өлкесінің тарихын танудағы ірі мәдени орталықтардың бірі.

«Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» экспозициясы заманауи форматта ұсынылған

Музейдегі әрбір бөлімнің өзіндік ерешелігі бар. «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» экспозициясында ұйымдастырылған мультимедиалық көрме келушілерге Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы қаласының тарихымен танысудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

Музей қызметкері Гүлназым Сәрсенованың айтуынша, келушілер үшін тарихи материалды тану ерекше әсер береді деуге негіз бар. Мұнда жарық әрі заманауи қазақстандық мегаполистің кешегісі мен бүгінгі келбеті туралы әсерлі композияциялар үйлесім тапқан. Алматы еліміздің қаржылық, экономикалық, мәдени, туристік орталығы болды және солай болып қала бермек.

Көрменің мультимедиалық форматы қала және Жетісу өңірі жөніндегі бірегей тарихи суреттер мен бейнематериалдарды қамтиды. Материалдарды серпінді және интерактивтік форматта көрсету қала тарихының маңызды күндері мен фактілерін жеңіл түрде таныстыруға мүмкіндік береді. Үлкен экрандардағы көрсетілімдер, анимациялар элементтері мен музыкалық көркемдеу қонақтардың қала тарихы ахуалына «дендеп бойлау» мүмкіндігін сыйлайды.

 3D-тур Алматының Республика алаңы, «Медеу» спорт кешені, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, Көктөбе, универсиаданың «Мұз айдыны 1» спорт нысаны, универсиаданың «Мұз айдыны 2» спорт  нысаны, Абай атындағы опера және балет театры, Қасиетті Вознесенск соборы, «Боралдай сақ обалары» археологиялық паркі, «Қазақстан» мейманханасы, трамплиндер кешені, Даңқ Мемориалы, Қазақ мемлекеттік циркі, Атлетикалық қалашық, «Алатау» шипажайы, ҚР Тұңғыш Президенті қорының «Жайлау» гольф-клубы, Метроның Абай стансасы, Алматы қаласының орталық мешіті сияқты көрнекті жерлерін тамашалауға мүмкіндік береді.