Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

«Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді.

Сонымен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды», делінген хабарламада.