29 Шілде, 2013

Басты мақсат – сапалы заң шығаруға қол жеткізу

267 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елена Тарасенко

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Елена Тарасенкомен әңгіме


 

Елена Тарасенко

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Елена Тарасенкомен әңгіме

– Елена Ивановна, бірінші кезекте Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының екінші сессиясы барысында атқарылған жұмыстарға, оның ішінде өзіңіздің заң шығармашылық қызметіңізге тоқталып өтсеңіз?

– Өзіңіз білесіз, Үкіметтен палатаға келіп түскен заң жобалары салалық комитеттерге беріледі. Мәжілісте жеті тұрақты комитет бар. Әр комитет заң жобасы бойынша жұмыс тобын құрып, оған жетекші етіп бір депутатты бекітеді. Палата белгілеген мерзімге дейін заң жобасы әбден жан-жақты қаралуы тиіс. Депутаттардың толықтырулары енгізіліп, жетілдірілген кезде заң жобасын комитет палатаның қарауына шығарады. Мәжіліс мақұлдаса, оның әрі қарай Сенатқа жіберілетіні белгілі.

Осы сессия барысында Мә­жі­ліс депутаттары өте ауқымды жұ­мыс­тар істеді, өткен жылдарға қара­ғанда заң жобалары да көп болды. Өзім мүшесі болып табылатын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне де заң жобалары көптеп түсті. Қоғамның өзі бізден барлық қызметімізді бір мақсатқа жұмылдыра білуді талап етіп отыр. Өйткені, заң жобалары уақытында қаралып, белгіленген мерзімінде қабылдануы тиіс. Қазіргі уақыт сөзбұйдаға, бейқамдыққа салынуды көтермейді. Экономикалық реформа қашанда тиісті заңдармен бекітіліп отыруы керек. Қоғам дамуы жедел қарқынмен өзгеріп жатыр. Сондықтан әркез заңнамалық базаны жетілдіріп отырумен айналысу қажет. Мәселен, осы сессия барысында біздің комитетіміздің өзі 14 заң жобасы бойынша жұмыс істеді. Сейітсұлтан Әйімбетов бастаған комитет мүшелерінің және осы бөлімнің қызметін қамтамасыз ететін аппарат қызметшілерінің бірізділікпен атқарған жұмысы өз нәтижесін берді.

Әрине, әр депутат жұмыс тобы­ның мүшесі болады немесе өзі жұ­мыс тобына жетекшілік етеді. Осы сессияда өзім екі заң жобасы бойынша жұмыс тобына жетекшілік жасадым. Біріншісі – «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселе­лері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Бұл заң актісі халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсыну жолдарын реттеуге арналған. Заң жобасы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасымен жұмыс жасау барысында жұмыс тобына 130 ұсыныс келіп түсті, олар жұмыс тобында, комитеттің кеңейтілген отырыс­тарында жан-жақты талқыланды. Бүгінде бұл заң Елбасының қол қоюымен қолданысқа енгізіліп үлгерді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына жетекші болдым. Бұл заң жобасына Мемлекет басшысы басымдық бергенін жақсы білесіздер. Өйткені, 2008 жылы «Автомобиль жолдары туралы» Заң қабылданған болатын, онда қазіргі заманғы талаптарға сай келетін, жаңартылған автокөлік жолдарын ақылы ету нормасы қарастырылған еді.

Бұл заң актісі автожол саласын басқарудың ескірген және тиімсіз жүйесін өзгерту қажеттілігінен туындады.

Жұмыс тобына 59 түзету түсті, олар жұмыс тобының жеті отырысында, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен біздің комитеттің кеңейтілген екі отырысында жан-жақты қаралып, талқыланды. Қорытынды салыс­тырма кестеге қабылданған 45 түзету енді.

Заң жобасында жолдардың кей­бір учаскелеріне ақы төлеу жүйе­сін енгізу көзделген. Сондай-ақ, Ас­тана мен республикалық маңызы бар қалалардың кейбір жолдарын да ақылы жасау мүмкіндігі қарас­тырылған.

Заң жобасы 12 маусым күні Мә­жі­ліс­тің жалпы отырысында екінші оқылымда мақұлданып Сенатқа жіберілді. Сенат қабылдаса, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

– Заң жобасын қарау барысында қандай пікірталастар туындады?

– Жолға ақы төлеуді біріздендіру үшін автомобильге салынатын көлік салығын көтеру туралы ұсыныстар болды. Бұл жерде заң жобасын әзір­леу­шілер де, біздер де бұл ұсынысты негізсіз деп таптық. Өйткені, әр адам жүріп өткен учас­тогы үшін ақы төлейді. Ал басқа өңірде тұратын адам бұл жолды пайдаланбайтын болса, ол үшін неге ақы төлеуі керек?

Шетелдік тәжірибелерді де зер­де­ле­дік. Жолға ақы төлеу жүйесі әр елде әртүрлі жүзеге асырылатынына көз жеткіздік. Олар бұл саланы реформалаудың бірнеше жолдарын қарастырған. Әрине, супермагистральдарда ақылы жол жүру қызметі заңмен айқындалған.

– Палата мақұлдаған маңызды заң жобаларын атап өтсеңіз.

– Бұл сессия барысында па­ла­таға көптеген заң жобалары келіп түсті. Қаралған заң жобалары өткен жылдарға қарағанда бірнеше есе көп болды. Екінші сессияда барлығы 100 заң жобасы жұмысқа алынған. Оның ішінде бір заң жобасы Президенттен келсе, 96-сы Үкіметтен келіп түскен. Ал үш заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған. Сонымен қатар, өткен сессиялардан ауысқан 28 заң жобасы да осы сессияда одан әрі қаралды. Бүгінгі таңда бір сессия ішінде Мәжіліс 89 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. 65 заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Сессия басталған сәтте жылдағы дәстүр бойынша «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы келіп түседі. Үш жылдық бюджет жобасын қабылдау барысында әлемдік қаржы, экономика саласындағы өзгерістерді ескере отырып, Бюджет және Са­лық кодекстеріне толықтырулар енгізілді. Қабылданған респуб­ли­калық бюджет туралы заңға да түзетулер енгізіліп отырады. Атап айтқанда, 2013 жылға арналған бюд­жет жоспарындағы кейбір бағ­дарламалардың шығыстары қыс­қартылды немесе орындалуы кейінге қалдырылды. Бірақ халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірде-бір бағдарлама қысқартуға ұшырам