Абай • 11 Қаңтар, 2020

Абай ауданы Абай әндерін шырқау челленджін бастады (видео)

1415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы эстафетаны облысымыздың барлық аудандарына жолдаймыз.

Абай ауданы Абай әндерін шырқау челленджін бастады (видео)

Бүгін биыл 175 жылдығы кең көлемде мерекеленетін Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай ақынның туған топырағы ерекше челлендж бастады. «Біз Абай елі ұлы Абайдың 175 жылдығының басталуына орай Абай мұрасын, оның өсиеті мен мол өнегесін санамызда жаңғыртамыз. Осы эстафетаны облысымыздың барлық аудандарына жолдаймыз» деген Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров өзі бастап, мемлекеттік қызметкерлер қостап, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Бұдан әрі ақынның «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Өзгеге көңілім тоярсың» әндерін аудандағы мұғалімдер мен оқушылар, өнерпаздар, құқық қорғау қызметкерлері, дәрігерлер, жас спортшылар және қарапайым тұрғындар жалғастырып әкетті.

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы