Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020

Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға Атлант мұхитынан ауа массаларының жылжуына байланысты республиканың бірқатар облысында жоғары аномалды ауа температурасы сақталады.

«Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен көктайғақтың болуына алып келуі мүмкін», делінген хабарламада.