Спорт • 20 Қаңтар, 2020

Қазақстан құрамасы шаңғымен жарысудан әлем кубогы кезеңіне қатысты

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияның Нове-Место аймағында шаңғымен жарысудан Әлем Кубогының 9-кезеңі өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан құрамасы шаңғымен жарысудан әлем кубогы кезеңіне қатысты

Із кесу бәсекесі бойынша қазақ шаңғышыларының нәтижесі төмендегідей:

Әйелдер арасындағы ең жоғары нәтиже Анна Шевченконың еншісінде. Ол мәре сызығын 46-шы болып кесті. Ал Ольга Мандрика 52-ші, Ирина Быкова 54-ші сатыда. Бұл сында норвегиялық Тереза Йохауг бірінші болып келді.

Ерлер арасында Виталий Пухкало 42-ші, Евгений Величко 54-ші, Олжас Климин 63-ші, Константин Борцов 65-ші орында. Бұл бәсекеде ресейлік Александр Большунов мәре сызығын бірінші болып қиды.