Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Сергей Румас, Молдова Республикасының Премьер-Министрі Ион Кику, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Қырғыз Республикасының Вице-Премьер-Министрі Жениш Разаков «Қала үшін үздік АТ-жоба», «Үздік стартап-жоба», «Big Data — үздік компания», «Мемлекеттік сектордағы үздік АТ-жоба», «АТ бойынша жыл әйелі», «Жылдың АТ-чемпионы» номинациялары бойынша сыйлықтарды табыстады.
Форум алаңында ерекше көрме өтті, онда қазақстандық стартаптар мен АТ-чемпиондар өздерінің бірегей жобаларын ұсынды.
Ұсынылған жобалардың бірі — Kazdream Technologies компаниясы ауқымды деректер мен жасанды зерде негізіндегі жобаларды әзірлеумен айналысады. Компания ұялы байланыс операторларының, әлеуметтік желілердің, мемлекеттік деректер қорының мәліметтерін жеке деректерге байланыссыз кіріктіреді және сараптама жасайды, оның мемлекеттік органдар өз жұмысында пайдаланады.
Компанияның негізін қалаушы Дәурен Төлебаев компания құру идеясы қалай туындағанын айтып берді.
«Мен – деректер фанатымын. Мен деректерді, оларды сараптағанды, оларды жинақтағанды жақсы көремін. Мен үшін деректер көп болған сайын мен соншалықты бақыттымын. Сен неғұрлым бұл деректерді көбірек алсаң, соғұрлым жақсы. Мен біздің жобаларды деректердің “нәрін жинаушы” деп атаймын. Басқаша айтқанда, деректерді алып, шырынсыққышқа салып, нәтижесінде процестерді автоматтандыруға көмектесетін жобалар аламыз», — деді Д. Төлебаев.
Сонымен қатар көрмеде CTO & Project Manager компаниясы ұсынылды, ол адамның жүзін тану арқылы уақытты есепке алу және қолжетімділікті бақылау бойынша бағдарламалық қамтуды әзірлеген.
«Келушілер, қызметкерлер мен клиенттер үшін нысандарға кіру GPS-координаттарды сақтаумен мобильді қосымша арқылы локациядан тыс биометриялық есептегіш арқылы бақыланады. Барлық деректер “бұлтта” жиналады және клиент кез келген уақытта әлемнің кез келген нүктесінен кіріп, өз қызметкерлерінің келу статистикасы мен сараптамасын тексере алады», — деді компания өкілі Арман Ерназаров.