Қоғам • 04 Ақпан, 2020

Заң – баршаға ортақ

455 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басында Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерге қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Онда шетелдік ел аумағында тіркелмеген көліктерге шара қолданылатыны, тіпті елде жүруіне тыйым салынатыны айтылды.

Заң – баршаға ортақ

Министрліктің мәлім­де­уін­ше, 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Армения мен Қырғызстанда тіркелген автомобильдерді Қа­зақстанға кедендік баж бен са­лық төлемей кіргізу тек сол елдердің азаматтары­на ға­на рұқсат етілген. Ал одан өзге­ле­рі барлық кедендік және ути­лизациялық төлемді, са­лық­­ты төлеп, тіркетуі керек. Бұлай болмаған жағдайда ел аумағынан шығарылатыны хабарланды.

Елімізде 170 мыңға тарта шетелден әкелінген көліктің болуы, басқа да түсінбеушілік халық­ты алаңдатты. Осы мәсе­леге қатысты ресми орган өкіл­дері, сарапшылар, үкі­мет­тік емес ұйым өкілдері өз пікір­ле­рін білдіріп, мәселені шешуге қатысты ұсыныстарын да айтты.

Деректерге сүйенсек, шетелден әкелінген көліктердің 1884 жол оқиғасына қатысы бар. Оның салдарынан 132 адам қайтыс болып, 500-ден астам адам жарақат алған. 2019 жылы бейнекамералар 1,1 млрд тең­геде көлеміндегі 90 мыңнан астам заң бұзушылық тіркеді. Аталынған автокөліктердің қазақстандық тіркеуі болма­ған­дықтан, салынған айып­пұл­дарды төлету мүмкін емес.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге қатысты Президент өз ойын білдіріп, Бас прокуратураға «Мәселені шешу үшін Үкімет бір ай ішінде бір реттік тәртіппен 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының ЕЭО-дан жеке пайдалану үшін әкелінген авто­көл­іктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі керек», деп тапсырма берді.

Бұл шешім Президенттің қоғамдағы түйткіл мәселелерді әрдайым назарында ұстай­ты­нын көрсетті. Өйткені кө­ліктерді қазақстандық тір­кеу­ден өткізу немесе шетелге қай­та­руға бір жыл мерзім бе­ріл­уі автокөлік иелері үшін үл­кен мүмкіндік.

 

Алмас АРЗЫҚҰЛОВ,

Президент жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері