Абай • 05 Ақпан, 2020

Абай есімін иеленді

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орыс тілінде оқытатын ор­та мек­теп Федоров ауда­ны­ның ор­талығында орналасқан.

Абай есімін иеленді

Ға­сырға жуық тарихы бар білім ошағына 1934 жылы Лейпциг про­цесінен кейін КСРО-ға кел­ген болгар революциясы көсем­дерінің бірі Георгиий Дими­тровтың есімі берілген. Таяу­да мұғалімдер ұжымы Абай Құнан­байұлының 175 жыл­ды­ғына орай, мектеп атауын өзгерту туралы бас­тама көтерген. Ұстаздардың ұсынысы құзырлы органдар тарапынан қолдау тапты. Кеше ғана өткен облыстық мәс­ли­хат отырысының ше­шімімен Федо­ровтағы екі бірдей білім меке­месінің атауы өзгертілді. Ди­ми­тров атын­­дағы №1 мектеп­ке Абай Құнан­байұлының аты берілсе, №2 мектеп Ыбырай Ал­тын­­сариннің есімімен аталатын болды.

– Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы мұрасының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор. Сон­дықтан ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында бүкіл ұжым болып игі бастама кө­теріп, мектепке Абай атын бе­ру туралы ұсыныс жасадық. Біз­де орыс мектебі орыс­ша, ал қа­зақ мектебі қазақша аталуы керек деген қате түсінік бар. Мы­салы, Максим Горький атын­дағы орыс мектебі, Сырбай Мәу­ленов атындағы қазақ мек­тебі деген сияқты. Қазір қоғам өз­герді. Абай мұрасы – барша қа­зақстандықтарға ортақ құн­дылық. Сондықтан алдағы уа­қыт­та арнайы үйірме ашу жос­парда бар. Бұл оқушылардың ұлы ақынның шығармашылығын ғы­лыми-танымдық негізде тере­ңірек меңгеруіне мүмкіндік береді, – дей­­ді мектеп директоры Татьяна Левит.

Қостанай облысында бұған дейін ұлы ақынның атымен ата­латын жалғыз-ақ мектеп бар еді. Ол – өткен жылы ғана мек­теп-гимназия мәртебесін алған Арқалықтағы қазақ тілін терең­детіп оқытатын білім ошағы.

Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ

ҚОСТАНАЙ